Батыс Қазақстан облысы аумағында шетелдік КПО б.в. компаниясы біраз жылдан бері көмірсутегі шикізатын өндіруде. Бұл, тұтастай алғанда, ел экономикасына мұнай-газ секторынан түсетін тиімділік пен пайданың үлесін көбейтуге септігін тигізе алады.
Алайда, аталған КПО б.в. альянсы өз еркімен ауаны ластайтын заттарды шығаруға жол беріп жатса, мұнда тиімділік пен пайданың құны көк тиын болып қалмасына кім кепіл? Өйткені, мұндай жағдайда жергілікті тұрғындар денсаулығына оның теріс әсері тиюі әбден мүмкін.
Екіншіден, мұның өзі еліміздің экологиялық заңдылықтары мен талаптарына да қайшы келеді. Қарашығанақ кеніші аумағында газды алау жағу мен техникалық жағдайға байланысты оның бұзылу көріністері орын алды. Оны Батыс Қазақстан облыстық экология департаменті жоспардан тыс тексеру жүргізген кезде анықтады. Соған сәйкес аталған департамент сотқа тиісті талап-арыз жолдады. Өз кезегінде Батыс Қазақстан облыстық ауданаралық экономикалық соты КПО б.в. компаниясынан 7 миллиард 286 миллион 716 мың теңге өндіру жөнінде шешім шығарды.
Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан».
Батыс Қазақстан облысы,
Бөрлі ауданы.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Кеше
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Кеше
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Кеше
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Кеше
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Кеше