02 Шілде, 2015

Қайырымдылық

557 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
і¦ііі-T‚TЂ і+іїTЏ і+ііT‚іііїі† TЃ і-TѓT‚іїіїі-і-і- T«іђTЃT‹ії іњіїTЂі-TЃTї_2Қазақстанда тұңғыш рет аутизмге шалдыққан балаларды емдеуге арналған кешенді орталық ашылды Алматы қаласында Болат Өтемұратов «Асыл Мирас» жеке қайырымдылық қорын ашқан. Орталық – ­аутизмге шалдыққан балалардың ата-аналар бірлестігі – «Ашық әлем» қоғамдық қорының серіктестігі болып табылатын «Аутизм. Әлем баршаға ортақ» қорының ауқымды бағдарламасын жүзеге асырады. Қордың келесі орталығы қыркүйек айында Астана қаласында ашылмақ. Аутизм –  адамның сыртқы дүниеден оқшауланып, өзімен-өзі болып, іштей сары уайымға салынған кездегі көңіл күйі. Бұл терминді 1912 жылы Э.Блейлер адамның ішкі эмоциялық кажет­­­тіліктерімен реттелетін және шынайы әрекеттерге тәуелділігі шамалы аффективтік саланың айрықша түрін белгілеу үшін енгізген. Яғни, аутизм – бала дамуындағы ауытқушылықтың ауыр түрі, ол әлеуметтік ортамен қарым-қа­тынастың жоқтығын білдіреді. Аутизмнің белгілері көптеген пси­­­хи­калық ауруларда кездеседі, бірақ кейбір жағдайларда ерте жас­тан байқалып, бала дамуына кері әсерін тигізеді. Нақты симптом 2-3 жасқа қарай қалыптасуы мүмкін. Бірақ, аутист балалардың есте сақтау қабілеті жоғары болады. Дүниежүзілік статистика бойынша, өмірге келген әрбір елуінші бала аутизмге шалдығады екен. 2014 жылы Қазақстан бойынша 1099 бала «аутизм» диагнозымен есепте тұрған. Мамандар соңғы 10 жылда олардың қатары еселеп өскендігін айтады. Ал тіркеуге тұрмағандардың саны бұдан бірнеше есе көп болуы да мүмкін деп болжайды. Өйткені, нақты аутизм диагнозын қою өте қиын. Тәжірибе көрсеткендей, аутизм басқа аурулардың астында жасырын тұрады. Егер баланың аутист екені қаншалықты ерте анықталып, уақытында коррекциялық көмек көрсетілсе, оның әлеуметтік ортаға бейімделуіне мүмкіндік сонша­лықты жоғары болмақ. Ал Қазақ­станда әлі де болса ерте анық­тау, ерте көмек беру, аутист бала­ларға білім беру, оларды қоғамға бейімдеу жағы ақсап тұр. Оның үстіне сапалы көмек бере алатын мамандар да тапшы. Аутизм шоғырындағы ауруларға шал­дыққан балаларға инклюзивті білім берудің тетіктері қалыптаспаған. Біздің елде нақты аутизм диагнозы қойылған балаға қандай да бір әлеуметтік көмек көрсетілмейді. Баласы аутист отбасында анасы жұмыс істемейді. Яғни, қоғамға пайдалы, белсенді мүшесі болудан қалады. Анасының өзі қол­дауға мұқтаж. Сондықтан, Қазақстанда бірегей салааралық өзара байланыстың жоқтығынан, ата-аналар өз бетінше жекелеген орталықтарға баруға мәжбүр. Елімізде аутизм диагнозы қойылған жан мүгедек деп есептелмейді. Десе де, аутизмге шалдыққан балалардың ата-аналары бірлесіп, осы түйткілдерді шешудің түрлі жолдарын қарастырып жүр. Міне, бүгінгі ашылып отырған кешенді орталық осы мәселенің шешімін табуына өз үлесін қоспақ. Орталықта балалар мен олардың ата-аналары кәсіби мамандардан көпатқарымды көмек алады. Баланы жеке оңалту курсы 6 айға арналған, бұл кезеңде «Асыл Мирас» алматылық орталығы 90 балаға кешенді көмек көрсетеді. «Аутизм. Әлем баршаға ортақ» бағдарламасы аутизмді түзетудің екі әдістемесін енгізеді. Біріншісі – классикалық, бұл жағдайда баламен әлеуметтік-коммуникативтік және танымдық, тілдік және күнделікті өмірдің дағдыларын пысықтайды. Онда баламен 4 маман жұмыс істейді: психолог, дефектолог, логопед және әлеуметтік педагог. Жұмыстың екінші әдісі – АВА терапия, бұл мінез-құлықтың тілдік және базалық дағдыларын бағалаудан тұрады, осылайша әрбір балаға жеке педагог қарастырылған. Барлығы 544 дағды бөлінген, олардың негізінде әрқайсысына жеке бағдар­ламалар жасалынған. «Асыл Мирас» ор­талығының әрбір маманы мінез-құлықтың қолданбалы талдануы, аутизм диагностикасы, сенсорлық ықпалдастық бойынша оқыту тренингтерін, сонымен бірге, басқа да мамандандырылған курс­тардан өткен. Бағдарлама жос­парында – жеке орталықтар үшін мамандарды оқыту, сонымен бірге, Қазақстан бойынша мамандардың методологиялық және тәжірибелік білімдерімен алмасады. – Біз аутистикаға шалдыққан балалардың әлеуметтенуі мен то­лық­қанды өмір сүруіне көмек­­­те­семіз. Біздің қордың міндеті – оларды Қазақстанда әлемдік деңгей­дегі оңалту бағдарламаларымен қамтамасыз ету. Сондықтан да, біз «Ашық әлем» қоғамдық қоры сияқты мықты серіктестермен, сондай-ақ, оңалтудың жетекші әлемдік мамандарымен жұмыс істейміз. «Аутизм. Әлем баршаға ортақ» бағдарламасы жұмысының алғашқы үш жылында біз ең аз дегенде 1 000 отбасыға әлеуметтену мен оңалту жағынан көмектесеміз, ал Қазақстанда адамдардың 15 пайызы аутизм проблемасы туралы алғашқы мағлұматтарын алады», – деп түсінік берді «Асыл Мирас» қорының директоры Марат Айтмағанбетов. Осы жылдың қыркүйек айында екінші аутизмге шалдыққан балалар орталығы – Астана, ал 2016 жылы Өскемен мен Қызылорда қалаларында ашуды жоспарлап отыр. Балалар орталықтарының ашылуы «Аутизм. Әлем баршаға ортақ» бағдарламасының ресми бастауы болып табылады. Жыл сайын аутизмге шалдыққан 600 бала мен олардың отбасылары бағдарламаның қатысушылары бола алады. Ерте диагностика, кәсіби оңалту бағдарламалары мен әлеуметтік ықпалдасуды енгізу Қазақстандағы ерекше балалардың өмір сүру сапасын жоғарылатуға бағытталған. Барлық орталықтар тегін қабылдайды. – Аутизмге шалдыққан бала­­лар­дың 60 пайызын қоғамға бейім­­деу­ге болады. Ел қатарлы жұмыс істеп, отбасын құра алады. Бұрын аутист балаларға ақыл-ес дамуы­ның тежелуі, алалия, шизо­френия диагнозын қойған. Орталықта қырық маманнан тұратын, Қазақ­станның жетекші сарапшыларынан дәріс алған, аутизм мәселесі бойынша шетелдердің (Америка, Ресей) алдыңғы технологияларымен таныс, психологтар мен педагогтардың салааралық командасы жұмыс істейді. Маман­дардың жұмысы мінез-құлықтың қолданбалы талдануын пайдалану әдісіне негізделген, осының нәтижесінде балалар әлеуметтік ортаға тез бейімделеді, – деп атап өтті «Ашық әлем» қоғамдық қо­­­рының президенті Әлия Архарова. Аутизмге шалдыққан бала­лар орталығына жазылу e-mail: autism@asylmiras.org. Алма­ты­дағы Орталықтың мекен-жайы: Попов көшесі, 27 үй (Шаш­кин көшесінің қиылысы), 8(727)32104 62 www.autism.asylmiras.org сайтында көбірек ақпараттар алуға болады. Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».