Астанада “Нұр Отан” ХДП мен “Электрондық коммерция орталығы” ЖШС-ның ұйымдастыруымен “Сенің жемқорлыққа қарсылығың өте маңызды!” атты ақпараттық-насихаттық акция аясында қазақстандық суретшілер жұмыстарының көрмесі өтті. Сыбайлас жемқорлық тақырыбына арналған 30-дан астам суреттер мен плакаттар еліміздің түрлі мемлекеттік органдарында эстафета бойынша тапсырылуда.
Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың негізіндегі басымдықтардың бірі болып табылады. Осыған байланысты “Нұр Отан” ХДП мен Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі жыл басынан бері “Сенің жемқорлыққа қарсылығың өте маңызды!” ақпараттық-насихаттық акциясын жүргізуде.
Аталмыш шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлықпен күреске азаматтық қоғамның институттарын тарту, отандастарымыздың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын қалыптастыру.
2008 жылғы қарашада “Нұр Отан” ХДП-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумында Президент Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет алдына тапсырма қойғаны белгілі. Онда Елбасы: “Электрондық Үкіметтің және заманауи технологиялардың мүмкіндіктерін басқаруда молынан пайдаланған жөн. Құрылып жатқан электрондық Үкіметтің басты міндеті – бұл мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде шенеуніктердің азаматтармен жеке қатынасқа түсуін барынша болдырмау”, – деп атап өтті.
Мемлекеттік сатып алуды еліміздегі сыбайлас жемқорлық деңгейіндегі басты индикаторлардың бірі деп атауға болады. Осыған байланысты Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен бюджеттік қаржыны жұмсаудың мөлдірлік және тиімділік принциптерінде электрондық мемлекеттік сатып алуға жоспарлы түрде өту бекітілді.
Ал “Электрондық коммерция орталығы” ЖШС осы мәселеге байланысты “бір терезе” принципі бойынша мемлекеттік сатып алуды орталықтандыруды және жүзеге асыруды қамтамасыз ететін ЭМС саласындағы бірыңғай оператор бола отырып, “электрондық мемлекеттік сатып алу” автоматтандырылған ақпараттық жүйесін әзірледі және енгізді.
Қазіргі кезде Электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру е-үкіметінің негізгі қызметтері болып табылады және электрондық мемлекет жолына ілгерілеу көрсеткіші қызметін атқарады. Өткізілетін конкурс және олардың интернеттегі нәтижелері туралы жеткілікті ақпарат әрбір азамат үшін осы қызмет алаңын ашық етті.
Бүгінде электрондық мемлекеттік сатып алу порталында шамамен 70 500 қатысушы, соның ішінде 20 000 артық тапсырыс беруші және 40 000 артық әлеуетті өнім беруші тіркелген. Электрондық сауда алаңында барлығы 2,5 млн.-нан артық лот жарияланды.
Баға ұсыныстары сұрату тәсілімен ЭМС қорытындылары бойынша 363 077 лот бойынша 40 млрд. теңге бюджетте жоспарланған сомасында 31 млрд. теңге жалпы сомаға шарттар жасалды. Сәйкесінше, жасалған шарттар бойынша баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен ЭМС бойынша орта жиынтық шартты үнем 9 млрд. теңгені немесе 22,5 пайызды құрады.
Қаржы министрлігінің тапсырмасы бойынша “Электрондық коммерция орталығы” ЖШС осы ведомствоның құрылымдық бөлімшелерінде конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу модулін әзірледі және “серпінді” тәжірибе ретінде пайдаланымға енгізді.
“Электрондық конкурс” модулі баға ұсыныстарын сұрату әдісімен қатар, Қазақстанда ең көп таратылған мемлекеттік сатып алуды енгізу тәсілін қамтуға мүмкіндік береді және жүйе пайдаланушылары үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Сондай-ақ бір уақытта электрондық мемлекеттік сатып алу ақпараттық жүйесінің сәйкес мемлекеттік органдардың ақпараттық қорларымен ықпалдасуын жүзеге асырады.
Дастан КЕНЖАЛИН.