ҚЫЗЫЛОРДА. 14 қазан. Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасынан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы «Қызылорда облысы бойынша жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына сараптамалық қорытынды беруді сұратқан болатын. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Аталмыш шешім жобасында су ресурстарын пайдаланғаны үшiн ауыл шаруашылығы субъектілеріне төлемақыны 74,4 есеге көтеру көзделген. Құжатты әзірлеушілер төлемақы соңғы рет облыстық мәслихаттың 2006 жылғы 30 маусымдағы №299 шешімімен бекітіліп, жергілікті өкілді органмен 9 жыл бойы базалық төлемақы көтерілмегендігін алға тартты.
Өз кезегінде, Кәсіпкерлер палатасы аймақ тұрғындарының басым бөлігін ауылдық жердің тұрғындары құрайтындығын, олардың негізгі табыс көзі – ауыл шаруашылығы саласы болып табылатындығын назарға ала отырып, төлемақыны бірден көтеру қазіргідей «ерекше экономикалық жағдайда» облысымыздың ауыл шаруашылығының дамуына кері әсерін тигізетіндігін жеткізді.
Осы орайда, Палата тарапынан мемлекеттік органға ауылшаруашылығы бойынша су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны көтеруді тоқтатып, әрі қарай төлемақының кезең кезеңімен өсуін қарастыру туралы ұсыныс берілді.
Кәсіпкерлер палатасы мен мемлекеттік органның арасында жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны көтеру тоқтатылды.
Ержан Байтілес.
Дерек, сурет: egemen.kz.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Кеше
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Кеше
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Кеше
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Кеше
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Кеше