Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев жергілікті бюджет есебінен алынған 11 санитарлық көліктің кілттерін емдеу мекемелерінің басшыларына табыс етті. Атап айтар болсақ, Байзақ, Тұрар Рысқұлов, Талас, Қордай аудандық орталық ауруханалары мен Тараз қаласындағы бірнеше емдеу мекемелері жаңа техникаға ие болды.
Бүгінде Жамбыл облысы халқының денсаулығы үшін 42 аурухана, соның ішінде 10 орталық аудандық аурухана және 7 ауылдық аурухана, сондай-ақ, 377 амбулаториялық-емхана қызмет етіп жатыр. Елімізде денсаулық сақтау саласын дамыту, тұрғындарға заманауи, қолжетімді әрі сапалы медициналық қызметтер көрсетуде барлық жағдай жасалуда.
– Сондықтан бүгінгі күні денсаулық сақтау саласындағы ең басым бағыттардың бірі ана мен баланың денсаулығын қорғау болып табылады, – дейді Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Масалимов. – 2015 жылдың 4 айының нәтижесінде аналар өлімі көрсеткіші 47,5 пайызға төмендеді. Қазір облыс халқына медициналық көмекті 2751 дәрігер және 9834 орта буын қызметкерлері көр-
сетуде. Сондай-ақ, жылдан-жылға жас мамандар саны да өсуде. Өткен жылы облысқа 121 жас маман келсе, оның 73,6 пайызы ауылдық жерлерге жұмысқа орналастырылған.
Сондай-ақ, өңірде республикалық және жергілікті бюджет есебінен 2010-2014 жылдар аралығында 74 денсаулық сақтау нысанының құрылысы салынғаны белгілі болып отыр.
Оралхан ДӘУІТ,
«Егемен Қазақстан».
Жамбыл облысы.
Суретті түсірген
Виктор БАРБАШ.

Жәдігер • Бүгін, 09:45
Бокс • Бүгін, 09:40
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:30
Солтүстік спортындағы соны серпін
Спорт • Бүгін, 09:25
Балалар құқын қорғайтын басқарма
Шымкент • Бүгін, 09:20
Миранда қағидасы «Үндемеуге құқыңыз бар»
Құқық • Бүгін, 09:15
Классикалық үлгіге қосылған еңбек
Әдебиет • Бүгін, 09:10
Руханият • Бүгін, 09:05
Қазақша сөйлейтін ЖИ: ISSAI зертханасындағы бір күн
Ғылым • Бүгін, 09:00
Жасанды интеллект • Бүгін, 08:55
«Отандық ғарыш саласының жоспары ауқымды»
Сұхбат • Бүгін, 08:50
«Момақан қыз» – оқырман олжасы
Руханият • Бүгін, 08:45
Зиянды қалдықты 40 есеге азайтқан технология
Ғылым • Бүгін, 08:40
Тарих • Бүгін, 08:35
Жер қойнауын зерттеудегі ЖИ үлесі
Ғылым • Бүгін, 08:30