Астананың қазіргі күн санап биіктей түскен еңсесінен тәуелсіздігіміздің тегеурінін, еліміздің елдік қасиетін, жасампаздықтың жаңғырығын айқын байқағандайсың. Ерке Есілдің жағасында жаңаша сәулеттік нақышпен бой түзеп жатқан әсем қаланың сұлу бейнесі алыстан көз тартып, көңіл баурайды. Сондықтан, оның ертеңіне де барлық қазақстандықтар үлкен үмітпен қарап, бүкіл әлем қызыға көз тігуде.
Елдің елдігін, мемлекеттің мәртебесін айқындайтын құндылықтар мен ұстанымдар тарих толқынында шыңдалып, уақытқа төтеп беретін дәрежеге жетті. Осы орайда, баға жетпес құндылығымыздың бірі – еліміздің Астанасы. Астана – халқымыздың аялы алақаны мен ыстық мейірімімен тұрғызылған аяулы қала. Астана – Қазақстан халқының орындалған үміті мен арманының көрінісі.
Мен де елімнің жүрегі, Елбасының тілегі, туған жердің тірегі болған әсем Астанаға деген сүйіспеншілігімді жүрекжарды сөзбен жеткізгім келеді. Мен Астанаммен мақтанамын, оған баруға асығамын. Болашақ елімнің жанданып, жаһандануына менің де үлесім болса деймін. Мереке қарсаңында баршаңызды «Астана күнімен» құттықтаймын!
Еліміздің аруысың – Астана!
Биік, көркем үйлерің бар, жас қала.
Халқымыздың бейбітшілік әлемі,
Ару қала, арман қала, бас қала!
Көркейесің күннен-күнге, Астана!
Зәулім үйлер бой көтерген аспанға,
Даңқың өсіп, таныла бер әлемге,
Рухың биік, абат қалам, Астана!
Альмира ОРАЗБАЙ,
Шиелі кенті орта мектебінің түлегі.
Қызылорда облысы.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Кеше
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Кеше
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Кеше
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Кеше
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Кеше