02 Шілде, 2015

Аралда атпал азаматқа арналған бюст ашылды (фото)

649 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
02-06-2015- Aral 1АСТАНА. 2 шілде. XX ғасырдың басында Владимир Ильич Лениннің Балтық жағалауындағы аштықтан күйзелген еңбеккерлерге, қырылып кетуі мүмкін 7 млн. балаға жомарт көмегін сұраған үндеу хатына 14 вагон балықпен жауап беріп, тұрмысы тұралаған елді аштықтан азат қылған Төлеген Медетбаевқа арнап Аралдан бюст ашылды. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Арал топырағы талай тарланды дүниеге әкелген шежірелі мекен. Соның бірі және бірегейі кешегі Кеңестік дәуірдегі Аралдың атын әлемге танытқан, өскелең ұрпақ үшін ұлы дала тарихының аңыз адамы – Төлеген Медетбаев болатын. Сондықтан да аралдықтар төл перзентінің есімін ұлықтау мақсатында орталық алаңдағы «Жастар аллеясына» бюст қойыды. Төлеген Медетбаев алғашқы еңбек жолын байлардың қарапайым жұмысшысы болудан бастаған ол 1906 жылы Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында жұмысшы шаруа милициясының ерікті отрядын ұйымдастыруға қатысқан. Бюсттің ашылу салтанатына облыстық мәслихат хатшысы Ақмарал Әлназарова, облыс әкімінің орынбасары Нұржан Әлібаев және тарихи тұлғаның туған-туыстары мен ұрпақтары қатысты. Шара барысында жиналғандар Төлеген Медетбаев жайлы естеліктер айтып, халқына қамқор болған жанның өмір жолын бүгінгі ұрпаққа үлгі етті. Талғат Райымбек. Дерек, сурет: Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. 02-06-2015- Aral 2 02-06-2015- Aral 3 02-06-2015- Aral 4