02 Шілде, 2015

Қостанайда Егінжай күні аталып өтті (фото)

334 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
02.07.2015 QOS jpgҚОСТАНАЙ. 2 шілде. Қостанай диқандары үшін облыс орталығының іргесіндегі «Заречный» тәжірибе шаруашылығының егін алқабында Егінжай күні өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Диқандар үшін бұл шара жыл сайын дәстүрлі өтеді. Оған аудан әкімдері, ірі шаруашылықтар басшылары қатысты. Алдымен облыс әкімінің орынбасары Базыл Жақыпов егін шаруашылығының бүгінгі жай-жапсары туралы баяндама жасады. Диқандардың биылғы бас қосуы негізінен күзгі астық жинау науқанына дайындыққа арналды. Өйткені өткен жылы күздің жаңбырлы болуына орай, облыста көптеген шаруашылықтар астығын жинап үлгерген жоқ. Ауа райы биыл да болжап болмайс құбылып тұр. Көктемгі дала жұмыстарының да өте қиындықпен, кешігіп өткені белгілі. Өткен жылы астық кептіргіші бар шаруашылықтар көп қтиындық көрген жоқ, бидайды кептіріп алды. Облыста бүгінде 235 астық кептіргіш бар, әлі де 75 осындай жабдық керек. Облыс бойынша астық жинау науқаны басталатын тамыз айының аяғына дейін 11,5 мың комбайн жөнделуі қажет. 02.07.2015 QOS-1 jpgӨткен жылғы күз бен биылғы көктем диқанның еңбегінің қайтарымы техникаға тәуелді екенін көрсетті. Биыл бес айдың ішінде ауыл шаруашылықтар 508 техника алған, бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 3,7 есе көп. Облыс әкімі Нұралы Сәдуақасов: «Шаруашылықтар техникамен, керекті жабдықтармен жабдықталған болса, ауа райының қолайсыз кезіне тап болған көктемгі дала жұмыстары және күзгі жиын-терін кезінде мүмкіндік тауып, тығырықтан шығады, шығыны аз болады. Мұны жыл а көріп жүрміз. Сондықтан астық жинау науқаны алдында өз мүмкіндіктіремізді тағы да пысықтап алу мақсатымен Егінжай күніне жиналып отырмыз. Бүгінде ауыл шаруашылығында проблема тек техника ғана емес, түрлі өзекті мәселелер бар. Соның бірі қаржы мәселесі. Алайда мемлекеттік қаржы институттары жұмыс істеуде. Тек шілде айының өзінде диқандар 7,8 миллиард теңгені игеруі тиіс. Бұл ешқашан болмаған көмек. Ал жыл бойы 18 миллиард теңге жұмсалады. Бұл өте көп қаржы» деді. 02.07.2015 QOS-2 jpgЕгінжай күнінде «КазНИИМЭСХ» және «Урал ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері қазақстандық және Ресейдің, Белорусьтің Украиның, Татарстанның, Польшаның, тіпті Сербияның ауыл шаруашылығы техникаларын ұсынды. «Кировец» тракторын шығаратын Петербург трактор зауыты соңғы үш жылда қостанайлық диқандарға диқандардың басты техникасын ұсынып келеді. Бұрын диллер болып келген аталмыш фирма, қазір дестрибьютер мәртебесін алды. Қазір республика бойынша өзі диллерлік желісін таратып, сервистік орталыққа айналды.  Егінжай күнінде айтылғандай, ең басты мақсат бүгінде шаруашылықтарды озық техникамен қамтамасыз ету болып отыр. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: egemen.kz