АСТАНА. 14 қазан. Бүгін Астананың «Барысы» Құрлықтық хоккей лигасы шеңберінде өз айдынында Хабаровскінің «Амурын» қабылдап, 2:3 есебімен жеңіліп қалды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Ойын тең жағдайда өрбіді. Өз мүмкіндіктерін тиімді пайдаланған қонақтар Олег Лидің көмегімен 5-минутта есеп ашты. Арада бар болғаны 3 минут өткенде, «Барыс» сапынан Найджел Доус таразы басын теңестірді. Дегенмен, үзіліске дейін «Амур» хоккейшілері тағы бір шайба соғып үлгерді. Бұл жолы Вячеслав Ушенин мергендігімен көзге түсті.
Екінші кезеңде айдын иелері ширақ қимылдады. Нәтижесінде 35-минутта Константин Пушкарев «Барыстың» екінші шайбасын соқты. Дегенмен, ресейліктер 53-минутта үшінші рет біздің қақпаны дәл көздеп, маңызды үш ұпайға қол жеткізді. Жеңіс шайбасының авторы – Артем Зуб.
Осымен астаналықтар биылғы маусымдағы 15-жеңілісіне ұшырады. Бүгінде 22 ойыннан 25 ұпай жиған «Барыс» Шығыс конференциясында 12-орында келеді. Евгений Корешковтың шәкірттері келесі кездесуін 17 қазанда Подольскіде жергілікті «Витязьбен» өткізеді.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: hcbarys.kz.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Кеше
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Кеше
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Кеше
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Кеше
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Кеше