АСТАНА. 14 қазан. Бүгін Швейцарияның Ньон қаласында Футзалдан УЕФА Кубогы элиталық раундының жеребесі тартылды. Осы сында ел намысын екі бірдей командамыз – Алматының «Қайраты» мен Қарағандының «Тұлпары» қорғайды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Жеребе қорытындысы бойынша «Қайрат» «С» тобына түсті. Бұл топта ол «Югра» (Ресей), «Хрудим» (Чехия) және «Дьор» (Венгрия) командаларымен ойнайды. Аталған төрттік 10-15 қарашада Венгрияда келесі айналымның жолдамасын сарапқа салады.
Ал «В» тобына түскен «Тұлпар» «Пескара» (Италия), «Халле-Гооик» (Бельгия) және «Железарец» (Македония) клубтарымен шеберлік байқасады. Бұл командалардың ойындары 10-15 қарашада Италияда өтеді.
Барлық топтың құрамы төмендегідей (топтық кезеңдегі алаң иелері ерекше белгіленген):
«А» тобы: «Интер» (Испания), «Лидсельмаш» (Беларусь), «Кремлен-Бисетр» (Франция), «Добовец» (Словения).
«B» тобы: «Тұлпар» (Қазақстан), «Пескара» (Италия), «Халле-Гооик» (Бельгия), «Железарец» (Македония).
«С» тобы: «Қайрат» (Қазақстан), «Югра» (Ресей), «Хрудим» (Чехия), «Дьор» (Венгрия).
«D» тобы: «Экономац» (Сербия), «Слов-Матик» (Словакия), «Бенфика» (Португалия), «Локомотив» (Украина).
Әр топтың жеңімпаздары турнирдің жартылай финалына жолдама алады. Бұл сынның ойындары осы кезеңге шыққан төрт команданың бірінің алаңында сәуір айында ойналады.
Айта кетейік, «Қайрат» футзалдан УЕФА Кубогының қазіргі иегері.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: kairat-futsal.kz.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Кеше
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Кеше
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Кеше
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Кеше
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Кеше