23 Шілде, 2010

“Отаныма адал қызмет етемін!” – дейді міндетті әскери борышын өтеуге келген жас сарбаздар

1103 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Талдықорғандағы №5514  әскери бөлімге Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Петропавл және өзге өңірлерден борышын өтеуге келген 100 сарбаз ант қабылдады. Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен командирлер қатысқан жиында еліміздің Әнұраны асқақтап, жас жауынгерлердің рухын көтерді. “Данқ” ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойған олар әскери бөлімнің Туы алдында Отанына,  Қазақстан халқына, Президентке адал қызмет ететіндіктерін білдіріп, ант беріп, қолдарын қойды. Данқты қолбасшы Бауыржан Момышұлы: “Отан үшін отқа түс, күймейсің!” деген. Осы парасаттылықтың астарында бүгінгі ұрпаққа үлгі болатын терең ой жатқаны анық. Сондықтан да болар, осы күнгі салтанатқа алыстан келген ата-аналар перзенттерінің елі мен жерін қорғайтын азамат болғандығын көзбен көріп, тәлім-тәрбиелерінің қайтарымына куә болды. Жиында Отан соғысының ардагері Тоқтарбай Қанапиянов, әскери бөлім командирі Әбдұмарат Тәшімбетов, тағы басқалар сөйлеп, атамекен, туған жерге тер төгу, елдің тыныштығын сақтау абырой екендігін сөздеріне арқау етіп, сарбаздарды құттықтады. Күмісжан БАЙЖАН,Алматы облысы.