02 Шілде, 2015

Алматыда есірткіге қарсы ауқымды акция өтті (фото)

574 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
02-06-2015-Nasha1АЛМАТЫ. 2 шілде. Халықаралық есірткімен күрес күні қарсаңында мегаполисте «Біз есірткіге қарсымыз» атты акция өтіп, оған Алматы қаласының 500-ге тарта жеткіншегі тартылды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Ұйымдастырушылар «Femily» саябағында өткен акцияның балалар үшін барынша қызықты өтуіне күш сала отырып, жастықтың жұлынқұрты болған есірткінің зияны мен кесірі жайлы ақпараттар таратты. Қала балаларын қызықтырған ауқымды шараның барынша нәтижелі болуына Алматы қалалық саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығы да ат салысып, жеткіншектерге есірткінің қасіретті салдарлары туралы АҚСӨСҚО директоры Галина Булыгина мен қалалық есірткімен күрес басқармасы бастығының орынбасары Мұрат Ыбраев әңгімелеп берді. Эстрада және цирк өнерпаздары қатысқан акцияның арқан тарту, қол күрестіру, кір тасын көтеру сияқты жарыстарына саябаққа серуендеуге келген тұрғындар да қосылып, сол арада өткен кішігірім байқаулардың естелік сыйлықтарына ие болды. Сндай-ақ, акцияда арнайы мамандар жеткіншекке есірткі тұтынып көру ұсынылғанда, өзін қалай ұстау керектігін ойын түрінде өткізді. Бұл ойынға эстрада артистері де қатысып, балалармен бірге зиянды әрекеттен өзін қалай аулақ ұстау керектігіне қатысты өмір сабағын алды. Денсаулық лотереясы ойнатылған шарада би өнері бойынша мастер-класстар ұйымдастырылып, Халықаралық есірткімен күрес күніне арналған плакаттар конкурсының жеңімпаздары анықталды. Айнаш Есали. Дерек, сурет: egemen.kz. 02-06-2015-Nasha2 02-06-2015-Nasha3