Бұрнағы күні футболдан 2016 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі шеңберінде Қазақстан Ригада Латвиямен кездесті. Тартысты ойын нәтижесінде ұлттық құрамамыз 1:0 есебімен жеңіске жетті.
Матч алаң иелерінің шабуылымен басталды. 12-минутта Латвия сапынан Артур Зюзин ойындағы алғашқы соққыны жасады. Алайда, доп қақпадан қиыс кетті. Артынша Самат Смақов бастаған біздің жігіттер қарымта шабуыл ұйымдастырып, Гафуржан Сүйімбаев қарсыластар қақпасын нысанаға алып көрді. Бұл жолы латыштардың қақпашысы шеберлігімен көзге түсті. Алма-кезек шауылмен өрбіген бірінші таймда есеп ашылған жоқ.
Екінші таймның алғашқы минуттарында тағы да Латвия ойыншылары белсенді қимылдады. Алайда, уақыт өте Юрий Красножанның шәкірттері ширақтық танытып, қарқындарын күшейтті. Командамыздың кезекті шабуылдарының бірінде Исламбек Қуат үш қорғаушының ортасынан сытылып шығып, есеп ашты. Бұл кездесудің 65-минуты еді. Қалған уақытта таблодағы нәтиже өзгермей, Қазақстан осы іріктеу турниріндегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Осымен келесі жылы Францияда өтетін құрлықтық доп додасына іріктеу сайысы мәресіне жетті. «А» тобында сынға түскен Қазақстан 5 ұпаймен турнирді 5-орында аяқтады. Біздің топта бірінші және екінші орын алған Чехия мен Исландия Еуропа чемпионатына тікелей жолдама алды. Сондай-ақ, үздік үштіктен көрінген Түркия құрамасы да Францияға баратын болды. Ол барлық топтағы үшінші орын алған командалар арасында үздік нәтиже көрсеткені үшін осындай жетістікке жетіп отыр. УЕФА бекіткен ереже бойынша мұндай команданы анықтау кезінде өз тобында соңғы орын алған құрамамен өткізген екі ойынның ұпайы есепке алынбайды.
Осы ретте түріктердің жеңісіне Латвия – Қазақстан матчының нәтижесі тікелей әсер еткенін атап өткен жөн. Себебі, біздің команда латыштарды жеңу арқылы топта бесінші сатыға көтеріліп, соңғы орынға Латвия жайғасты. Соған орай Түркия тек екі ұпай жоғалтты. Өйткені, түрік ағайындарымыз екі ретте де Латвиямен тең ойнаған болатын. Ал егер соңғы орынды Қазақстан алған жағдайда Анадолы елі алты ұпайдан айырылатын еді.
Еламан ҚОҢЫР,
«Егемен Қазақстан».
• 15 Қазан, 2015
Қазақстан сырт алаңда Латвияны жеңіп, Түркияға жолдама алып берді

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше