02 Сәуір, 2015

Білікті маман – заман талабы

581 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
DSC_7260 Қазіргі таңда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі мемлекеттік қызмет саласындағы мемлекеттік менеджментті енгізу туралы  Елбасының тапсырмасына сәйкес заманауи, кәсіби, дербес мемлекеттік аппаратты құру жұмыстарын жетілдіруде. Олар мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің екінші кезеңінде қойған тапсырмаларына сәйкес болады. Бұл жөнінде Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Саян Ахметжанов мәлімдеді. «Мемлекетті тиімді басқаруды дамыту» тақырыбындағы жиында мемлекеттік аппараттардың кәсібилігін арттыру тетіктері сөз болды. Қосымша мемлекет қызметкерлерінің жалақысын көтеру мəселесіне бонустық жүйені құру үшін мемлекеттің төлемақы жүйесін жетілдіру мəселесі бойынша жарлық əзірлеудеміз. Əр мемлекеттік қызметкер өзінің қызмет ететін жұмыс орнының тиімділігін күшейтуге мүдделі болуы тиіс», деді С.Ахметжанов. Келесі кезекте жемқорлыққа тәуекелділікті анықтау және талдау басқармасының басшысы Динара Жаненова сөз алып, мемлекеттік қызметке байланысты біліктілік талабын арттыруды көздейтіндерін айтты. Оның айтуынша,  тап қазіргі таңда жұмыскерлердің тек жұмыстық тәжірибесі мен жоғары біліміне ғана мән беріледі. Ал уақыт санап мамандардың біліктілігіне деген сұраныстың артып жатқандығын тілге тиек еткен ол, мемлекеттік қызметке үміткерлерде шетелдік білімнің болуы керек екендігін қоса айтты. Біз барлық мемлекеттік қызметтерге функциялық шолу жасап көрдік, осыны назарға ала отырып, бейінді құзыреттіліктерді әзірлейтін боламыз. Осының арқасында  мемлекеттік қызметке үміткерлердің талабын жетілдіре аламыз, деді Д. Жаненова. Сонымен қатар, Динара Төлегенқызы мемлекеттік қызметке барынша талантты және кәсіби мамандарды тартуға ынталы екендіктерін жеткізді. Айтар болсақ, жұмысқа «Болашақ» түлектерін,  жоғары оқу орнын бітірген дарынды жастарды тарту керектігін айтып өтті. Оның айтуынша, әр мемлекеттік қызметкерге өзін болашақта қай қызметте көргісі келетіндігіне байланысты «мансап картасы»  жасалатын болады. Және оған жету жолындағы бағыттар көрсетіледі. Бұл мәселе төңірегінде азаматтардың өзін өзі алға жетелеп, біліктілігін арттыра түсуіне үлкен дем болатындығына тоқталды. Сондай-ақ, олардың күш-қарымын арттыруда мамандарға шет елдерде тәжірибеден өтуге, тәлімгерлік жасауға және арнайы бағдарламалар аясында оқып, білімін жетілдіруге мол мүмкіндіктер жасалатындығын жеткізді. Сондай-ақ, агенттіктің келісімімен өтуі тиіс кадрлық қызметтердің басшыларын тағайындау мәселесі назарда, деген ол,  мұның тасасында басшылардың қандай да бір субъективті шешім шығаруына тосқауыл болуға үлес қосатындығын айтты. Сонда түсініспеушілік салдарынан орын алып жататын себепсіз босатулар мен белгісіз ауыстыруларға душар болатын қызметкерлердің құқығын қорғауға кадрлық қызмет шынайы септесер еді, деп түйіндеді ол сөзін. Эльмира МӘТІБАЕВА, «Егемен Қазақстан».