ҚОСТАНАЙ. 2 шілде. Арқалық қаласынан Жангелдин ауданының Торғай кентіне шыққан автобус жол апатына ұшырады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Автобус Амангелді ауданының Қарасу ауылынан өте бергенде алдынан бір отар қой шыға келді. Жүргізуші отардың алдын алып кетемін дегенде, рульге ие бола алмай, автобус аударылып кетті. Автобустың ішінде келе жатқан 24 жолаушы түрлі жарақат алды. Зардап шеккендерге жақын жердегі емдеу орнында көмек көрсетілді. Әйтеуір абырой болғанда бас бүтін, бауыр аман. 7 және 11 жастағы екі бала «Санавиациямен» Қостанайдағы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Олар аурухананың травмотология бөлімшесіне жатқызылды. Дәрігерлердің айтуынша, олардың өміріне қауіп жоқ, жағдайы жаман емес.
Жол полицейлері жол апатының сызбасын жасап, 49 жастағы жүргізушіге сот-медициналық сараптама жасады. Жүргізушінің ішімдік ішпегені анықталды. Қазір жол апатына байланысты жолаушылар автобусының жүргізушісі үстінен қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Нәзира Жәрімбетова.
Дерек, сурет: egemen.kz

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Кеше
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Кеше
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Кеше
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Кеше
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Кеше