15 Қазан, 2015

Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы талқыланды

445 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Алматы әкәмшілігіАлматы қаласы әкімдігінің мәжіліс залында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті жанындағы Қоғамдық кеңестің мәжілісі өтті. Бұл басқосуда үстіміздегі жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша мемлекеттік органдармен мемлекеттік қызмет арқылы көрсетілген ішкі бақылау қызметінің нәтижесі қаралды. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың жауапты тұлғалары мен басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жөніндегі жасалған шаралар туралы баяндамалары тыңдалды. Қазіргі таңда Алматы қала­сында 80-ге жуық мемлекеттік органдар халыққа 148 қызмет түрін көрсетеді. Бұл қызметтер мемлекеттік қызмет тізілімінде бар. Үстіміздегі жылдың сегіз ай­ында әкімдік тарапынан көр­сетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 7 155 020 құраса, оның ішінде 6 430 096 қызмет мемлекеттік органдар арқылы қа­ғаз жүзінде, 155 558 қызмет ха­лыққа қызмет көр­сету орталығы арқылы, 31 975 қыз­мет электронды түрде көрсетілген. Жергілікті атқарушы органдарда сұранысқа ие денсаулық сақтау саласы, халықты әлеуметтік қорғау, білім беру мен жылжымайтын мүлік нысандарындағы қы­з­меттер болып табылады. Аумақ­тық бөлімшелердің арасында Мемлекеттік кіріс, Ішкі істер және Әділет департаменттерінің қыз­меттері көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет стандарттарымен регламенттерін бекіту мониторингіне сәйкес есептік кезеңде салалық министрліктерден 156 мемлекеттік қызмет түрлері бекітіліп, 146 мемлекеттік қызмет көр­сетілді. Осы стандарттардың негізінде Алматы қаласының әкім­дігі 50 мемлекеттік қызмет регламентін бекітті. Мемлекеттік қызмет көрсе­тудің сапасын бақылау бойынша қызметтерді қамтамасыз ету, халыққа қызмет көрсету ор­та­лық­тарының жұмыстарымен тіке­лей байланысты. Заңдылықты кү­шейту мақсатында жер қа­ты­настары және «Алматы қала­сын­да жер қатынастары саласын­да көрсетілетін мемлекеттік қыз­мет­тердің регламенттерін бекі­ту туралы» Алматы қаласы әкім­ді­гінің 2014 жылғы 22 ма­мыр­дағы №2/385 қаулысы әзір­леніп, қабылданды. Алматы қаласы жә­не оның шетінде тұратын тұр­ғындардан өткен жылы 286 сұрақ түссе, биылғы жылдың өт­кен алты айында 220 сұрақ келіп түскен, бұл сұрақтардың жартысы­нан астамы қалаға қосылған аумақтар жөнінде. Өткен сегіз айда Сәулет және қала құрылысы басқармасы тарапынан 55 572 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын көтерумен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып, 24 келісімге қол қойылды. Бүгінгі күні аталған мәселе бойынша жұ­мыс­тар жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Шарафаддин ӘМІРОВ, «Егемен Қазақстан». Алматы.