Аталмыш кітапта Қазақстанның Іскер әйелдер қауымдастығының құрылу тарихы мен 20 жылда атқарған қызметтері, олардың қоғамда алатын орнының жоғарылауы және мемлекеттегі гендерлік саясатты жүзеге асыру мәселелері қамтылған. Осы уақытқа дейін қауымдастық әйел және жұмысбастылық, әйел және бизнес, әйел және саясат, гендер және дамыту, денсаулық және отбасылық құндылықтар бағыттары бойынша бірнеше қоғамдық мәнді жобаларды жүзеге асырған. Бұл жобалар 5 мыңға жуық тұрақты мүшесі бар 100 мыңға жуық адам оқытудан өтетін қауымдастықтың 20 аймақтық бөлімшелерінде жүзеге асырылған.
Бірінші бағыт бойынша соңғы 5 жылда 2 мыңдай әйел оқытылып, жұмысқа тұрған. 2014 жылы қауымдастық Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің қолдауымен «Әлеуметтік қызмет саласындағы әйелдер арасында ақпараттық-насихаттық жұмыс» жобасын жүзеге асырыпты. Ақпараттық түсіндіру жұмысын жүзеге асыру барысында 1500 адам қамтылып, тұрғындармен атаулы жұмыс жөніндегі семинарда 300-ге жуық адам оқытылыпты. «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша үш аймақтан ауылдағы 50 әйел өз ісін ашуға өтінім берсе, әлеуметтік сауалнаманың өткізілуіне 15000 сұхбаткер қатысыпты. «Әйел және бизнес» атты екінші бағыт бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ағымдағы жылдың 23 ақпанында Солтүстік Қазақстан облысы іскер әйелдерімен «Нұрлы жол – жаңа мүмкіндіктер» форумы, осы наурыз айының басында «Әйелдердің кәсіпкерлігін дамыту» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізіліпті. «Әйел және саясат» бағыты бойынша саясаткер-әйелдер клубы мен елдің барлық аймақтарында әйелдердің жетекшілік мектебі құрылыпты. «Гендер және дамыту» жобасы аясында халықаралық форумдар өткізіліп, Қазақстанның Іскер әйелдер қауымдастығы 2003 жылдан бастап Әйелдердің ғаламдық басқосуының, 2011 жылы Бүкіләлемдік исламдық экономикалық форумының, 2012 жылы Кәсіпкер әйелдердің дүниежүзілік форумы мен басқа да беделді халықаралық ұйымдар тарапынан мойындалып, олардың тұрақты серіктесі болып табылыпты.
Басқосу барысында Қазақстанның Іскер әйелдер қауымдастығының президенті Раушан Сәрсембаева, қауымдастықтың өкілдері Вера Сухорукова, Татьяна Цветкова (Шығыс Қазақстан облысы), Зинатбану Мусина (Батыс Қазақстан облысы), Сәуле Жақаева (Маңғыстау облысы) мен Құралай Бекенова (Оңтүстік Қазақстан облысы) өз ұйымдарының атқарып келген игі істерін атап, әлі де алда қолға алар қомақты іс-шара барысымен таныстырып өтті.
Берік САДЫР,
«Егемен Қазақстан».

Жаңа Конституция және ұлт саулығы: сарапшы көзқарасы
Ата заң • Бүгін, 21:53
Білім сапасын арттырудың жаңа мүмкіндігі
Білім • Бүгін, 21:21
Жалпыұлттық коалиция белсенділері ақпараттық науқанды аудандарда жалғастырып жатыр
Ата заң • Бүгін, 21:00
Рамазан айы азаматтардың тұтыну шығындарына қандай өзгеріс әкеледі?
Қоғам • Бүгін, 20:40
Айзат Жұманованың ісі: Апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды
Қоғам • Бүгін, 20:03
Петропавл электротехникалық зауытының ұжымы конституциялық реформаны қолдады
Ата заң • Бүгін, 19:38
«Зеленый Север» ұжымымен кездесуде Конституция жобасының негізгі ережелері талқыланды
Ата заң • Бүгін, 19:30
Сарапшылар конституцияның жаңа жобасына бірауыздан қолдау білдірді
Ата заң • Бүгін, 19:18
Астанада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Елорда • Бүгін, 18:45
Алдағы күндері ел аумағында аяз күшейеді
Ауа райы • Бүгін, 18:33
«Boran–Буран»: жады мен кеңістікті тоғыстырған көрме
Қоғам • Бүгін, 18:18
Жылдық инфляцияның баяулауы баға төмендеуіне әсерін тигізе алды ма?
Қаржы • Бүгін, 18:03
Жеке деректер мен гаджеттерді алаяқтардан қалай қорғауға болады?
Қоғам • Бүгін, 17:50
Еріксіз неке мен ерте өлім: Неліктен қазақ қыздарының құқығы қорғалмай жатыр?
Қоғам • Бүгін, 17:40
Педагогтерге арналған байқау жарияланды: Өтінім қабылдау қашан басталады?
Білім • Бүгін, 17:25