15 Қазан, 2015

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығы  №77

494 рет
көрсетілді
37 мин
оқу үшін
2015 жылғы 27 ақпан, Астана қаласы Мәдениет және өнер саласындағы білім беру ұйымдары қызметінің қағидаларын бекіту туралы «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 23-4) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Бекітілсін: 1) осы бұйрықтың 1 қосымшасына сәйкес, мәдениет және өнер саласындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің Қағидалары; 2) осы бұйрықтың 2 қосымшасына сәйкес, мәдениет және өнер саласындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қызметінің Қағидалары; 3) осы бұйрықтың 3 қосымшасына сәйкес, мәдениет және өнер саласындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп - интернаттарындағы білім беру қызметінің Қағидалары. 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, білім, ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Д.Болатханұлына): 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде белгіленген тәртіп бойынша осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуін өткізсін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін, он күнтізбелік күн аралығында ресми баспа беттерінде және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жариялансын; 3) ресми баспада жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігінің интернет – ресурсына қойылсын; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейінгі он жұмыс күні аралығында Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігінің Заң департаментіне осы 2 - ші бұйрықтың 1), 2), 3) тармақшаларының орындалуы қадағалансын; 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Ғ. Ах­ме­­дьяровқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі А.МҰХАМЕДИҰЛЫ. КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А. Сәрінжіпов_____________ 31 наурыз 2015 жыл Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы №77 бұйрығына 1-қосымша Мәдениет және өнер саласындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы мәдениет және өнер саласындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің Қағидалары (бұдан әрі–Қағидалар) Қазақстан Республикасының жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің тәртібін «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі (бұдан әрі – Білім туралы Заң), «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы (бұдан әрі – Мәдениет туралы Заң) Қазақстан Республикасының Заңдарына және «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес айқындайды. 2. Мәдениет және өнер саласындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім (бұдан әрі – жоо), жоғары оқу орындарының мынадай түрлерінде жүзеге асырылады: ұлттық зерттеу университеттерінде; ұлттық жоғары оқу орындарында; университеттерде; консерваторияларда; академияларда. 3. ЖОО негізгі міндеттері ұлттық және жалпы адами құндылықтар, ғылыми және практикалық жетістіктер негізінде тұлғаның кәсіби қалыптасуы мен дамуына бағытталған білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін қажетті жағдайларды жасау арқылы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау болып табылады. 4. ЖОО өз қызметін білім беру және ғылым қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасының Конституциясына, білім туралы, ғылым туралы, мәдениет туралы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, сондай-ақ Қағидалармен және оның негізінде әзірленген жоо жарғысымен жүзеге асырады. 5. ЖОО оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес берілген лицензияның негізінде жүзеге асырады. 2. ЖОО ұйымдары қызметінің тәртібі 7. ЖОО басқару Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, Қағидаларға және жоо жарғысына сәйкес жүзеге асырылады. 8. ЖОО-ны тікелей басқаруды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын (сайланатын) және қызметтен босатылатын ректор (басшы) жүзеге асырады. 9 ЖОО ректорының (басшысының) саны мен функционалдық бағыты Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленетін орынбасарлары – проректорлары болады. 10. ЖОО ректоры (басшысы) жоо атынан сенімхатсыз әрекет етеді, барлық органдарда оның мүдделерін білдіреді, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жоо мүлкін басқарады, шарттар жасайды, сенімхаттар береді, банк шоттарын ашады және өзге де мәмілелер жасайды, барлық қызметкерлерге, оқытушылар мен білім алушыларға міндетті бұйрықтар мен өкімдер шығарады. 11. ЖОО ректоры (басшы) өзіне берілген құқықтар шегінде қаржы, экономикалық, өндірістік-шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді. 12. Мемлекеттік жоо ректоры Қазақстан Республикасының заңнамасында және жоо жарғысында белгіленген тәртіппен үш жылда бір рет аттестаттаудан өтеді. 13. Ректордың кандидатурасы білім саласындағы уәкілетті орган бекіткен педагогика қызметкерлері және оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына (бұдан әрі – лауазымдардың біліктілік сипаттамалары) сәйкес келуі тиіс. 14. ЖОО ректоры (басшы) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен: 1) білім беру ұйымы білім алушыларының, қызметкерлерінің құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны; 2) өзінің құзыретіне жатқызылған функцияларды орындамағаны; 3) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын бұзғаны; 4) білім беру ұйымы білім алушыларының және қызметкерлерінің оқу-тәрбие үрдісі кезіндегі өмірі мен денсаулығы; 5) қаржы-шаруашылық қызметтің жай-күйі, оның ішінде материалдық және ақша қаражаттарын нысаналы пайдаланбағаны; 6) нормативтік құқықтық актілерде және еңбек шартында көзделген өзге де талаптарды бұзғаны үшін жауапты болады. 15. ЖОО алқалық басқару органдары құрылады. ЖОО алқалық басқару нысандары ретінде ғылыми, бақылау, қамқоршылық немесе көркемдік кеңестері бола алады. 16. ЖОО құрылымын өзі дербес айқындайды және бекітеді. Бұл ретте құрылымдық бөлімшелер жоо қызметінің барлық түрлерін қамтиды. 17. ЖОО өзінің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерін дербес әзірлейді және бекітеді, онда жоо-н басқарудың ұйымдық құрылымының мәртебесі, негізгі бағыттары, функциялары, құқықтары, міндеттері мен жауапкершіліктері айқындалады. 18. ЖОО біліктілік талаптарына сәйкес құқықтары, міндеттері мен жауапкершіліктері айқындалатын жоо қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын дербес әзірлейді және бекітеді. 19. Штаттық кестені жоо дербес айқындайды және оны ректор жыл сайын бекітеді. 20. ЖОО-ның құрылымдық бөлімшелері өз қызметін осы Қағидалар, жоо жарғысы негізінде жүзеге асырады, ал олардың санын аталған жоо мамандықтарының, білім беру бағдарламаларының тізбесіне, сондай-ақ білім алушылар мен оқытушылардың санына қарай кеңес белгілейді. 21. Факультет бір немесе бірнеше мәндес мамандықтар бойынша оқытуды жүзеге асыратын, ғылыми және әкімшілік қызметті, сонымен қатар, факультет мамандықтарына жататын кафедралар мен зертханалардың жұмысынына басшылық ететін жоо-ның негізгі құрылымдық бөлімшесі болып табылады. 22. Факультет күндізгі, сыртқы және экстернат нысанында мамандар даярлауды жүзеге асырады. 23. Факультет жұмысын декан жүзеге асырады. Деканның кандидатурасы педагог қызметкерлер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларының талаптарына сәйкес келуі тиіс. Факультет басшысының лауазымдық міндеттері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалады. 24. Декан жоо қабылдау және аттестаттау комиссиясының мүшесі болып табылады. 25. Факультет ішінде деканның төрағалық етуімен өз жұмысын жоо кеңесі бекіткен қағидаларға сәйкес ұйымдастыратын факультет кеңесі ұйымдастырылуы мүмкін. 26. Кафедра бір немесе бірнеше мәндес пәндер бойынша оқу, әдістемелік, ғылыми зерттеу жұмысын (бұдан әрі ҒЗЖ), шығармашылық жұмыс және сонымен қатар білім алушылар арасында тәрбие жұмысын жүзеге асыратын жоо-ның (факультеттің) негізгі құрылымдық бөлімшесі болып табылады. 27. Кафедра штаты профессорлық-оқытушылық құрамның жұмыс көлеміне және орташа жылдық педагогикалық жүктемеге қарай айқындалады. 28. Кафедра штатына кафедраның меңгерушісі, профессорлар, доценттер, аға оқытушылар, оқытушылар, оқу-көмекші персонал, сондай-ақ кафедра жанынан құрылған ғылыми және басқа да құрылымдық бөлімшелер кіреді. 29. Кафедраны меңгеруші басқарады, оның кандидатурасы педагог қызметкерлер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларының талаптарына сәйкес келуі тиіс. Кафедра меңгерушісінің лауазымдық міндеттері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалады. 30.Тиісті мамандықтар бойынша жоо-ның білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес кафедра бейіні бойынша штаттық оқытушы болғанда кафедра ұйымдастырылады. Штаттық оқытушылар санына шаққанда ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы бар оқытушылардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының құрметті атақтары мемлекеттік наградалары бар оқытушылар өнер жоо мен консерваторияда кемінде бакалиариат үшін 35%-ды, магистратура үшін 60%-ды және докторантура үшін 100%-ды құрауы тиіс. 31. Бекітілген оқу пәндерінің циклы бойынша кафедралар жалпы білім беретін және арнайы болып сыныпталады. 32. Керек жағдайда жоо-да «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының 9 заңындағы 3 тармаққа сай әзірленген азаматтарды әскери қызметке дайындау ережесінде бекітілген тәртіпке сай (әскери) немесе басқа да мүдделі тараптардың арнайы кафедралары ұйымдастырылады. 33. Мәдениет және өнер саласындағы кафедра жұмысы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары мазмұнына сәйкес мамандарды теориялық және практикалық дайындауға бағытталуы тиіс. 34. Кафедра жылдық жұмыс жоспарына сәйкес оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, шығармашылық және тәрбие жұмысын жүзеге асырады. 3. ЖОО қызметіне қойылатын негізгі талаптар 35. Оқу үрдісін тиімді ұйымдастыру, материалдық активтер мен ресурстарды ұтымды пайдалану, университеттер мен консерваторияларда білім беру қызметіне тартылған күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылардың ең аз контингенті 1500 адамға, академияларда 700 адамға сәйкес болуы қажет. 36. Білім алушылардың келтірілген контингенті олардың күндізгі және сырттай оқу нысандары бойынша санына қарай айқындалады. ЖОО-ның күндізгі және сыртқы оқу нысандарындағы студенттердің арақатынасы кемінде 4:1 болуы тиіс. ЖОО-да білім алушылар контингентінің сандық құрамы бір оқытушыға шаққанда мамандықтарға орай келесі нормативтерге сәйкес келуі тиіс: өнер және мәдениет – 3,5:1; музыка және ән салу – 6:1; басқа барлық мамандықтар бойынша: күндізгі оқыту нысаны үшін – 8:1; магистратурада – 4:1; докторантурада –3:1. 37. ЖОО білім алушыларының контингенті “Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар” санитариялық қағидаларын бекіту туралы нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің Мемлекеттік Реестрі тізіліміне 10275 нөмерімен тіркелген, 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің бұйрығымен қарастырылатын бір білім алушыға шаққандағы оқу алаңының санитарлық нормаларына сай келуі тиіс. 38. ЖОО-да академиялық топтың толымдылығын білім беру ұйымдары дербес айқындайды. 39. Даму мүмкіндіктері шектеулі азаматтар, оның ішінде мүгедектерге жеке қажеттілігін ескере отырып білім алуына арнайы жағдайлар жасалады. 4. ЖОО-ның оқу, тәрбие және шығармашылық қызметі 40. ЖОО-ға білім алушыларды қабылдау «Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 109 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады. 41. ЖОО-да жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды дайындау, мазмұны мен оқыту мерзімдері әртүрлі білім бағдарламалары бойынша жүргізіледі. Ұлттық зерттеу университеттерінде оқыту күндізгі нысанда ғана жүзеге асырылады. 42. ЖОО-ның оқу-әдістемелік жұмысы: 1) академиялық күнтізбе, жұмыстық оқу жоспарлары мен бағдарламалар әзірлеуді, элективтік пәндер каталогтарын, силлабустар, пәндер мен мамандықтардың оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеуді; 2) оқу пәндерін оқулықтармен, оқу құралдарымен, есептер жинағымен, кешенді тапсырмалармен, зертханалық, бақылау, курстық жұмыстар бойынша құралдармен, пәнді оқу бойынша әдістемелік ұсынымдармен, сондай-ақ ағымдағы, межелік және қорытынды білім бақылауы, барлық оқу нысандары бойынша білім алушыларды қорытынды аттестаттау материалдарымен оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді; 3) кәсіптік практикалардың барлық түрлерінің бағдарламаларын, сондай-ақ (дипломдық жұмыстарды/жобаларды, спектаклдер, бітіруші көрсетілімдері) бітіруші біліктілік жұмысын немесе қойылымын жазу туралы әдістемелік құралды әзірлеу; 4) білім алушылардың оқу материалын меңгеруін арттыратын заманауи білім технологиялары мен оқыту әдістерін әзірлеуді; 5) ізденіске, талдауға және қызмет нәтижелерін қалыптастыруға қабілеттілігін дамытуға бағытталған студенттердің өзіндік жұмысын оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді; 6) оқытушылар мен мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеуді қамтиды. 43. ЖОО оқу және әдістемелік жұмыстың мазмұнын жоспарлауды, ұйымдастыру тәсілін, құрылымын кредиттік оқыту технологиясы негізінде жүзеге асырады. 44. Оқу-әдістемелік қызметін ұйымдастыру академиялық күнтізбе, оқу сабақтарының кестесі негізінде жүзеге асырылады. Оқу қызметінің құрылымы оқу жоспарларының (үлгілік, жеке, жұмыс) және кәсіптік оқу бағдарламаларының, оқу жүктемесі көлемінің, академиялық кезеңдер ұзақтығының, академиялық сабақ түрлерінің, оқу материалы көлемінің негізінде қалыптасады. 45. Білім беру бағдарламалары кәсіптік стандарттар және білім алушылардың құзыреттілігін қалыптастыру қағидаттары негізінде әзірленеді. 46. Академиялық күнтізбе, мамандықтардың жұмыс оқу жоспарлары мен профессорлық-оқытушылық құрамның орташа жылдық педагогикалық жүктемесі жоо кеңесінің шешімімен бекітіледі. 47. Оқытуды дараландыруға бағытталған кредиттік оқыту технологиясының негізгі қағидаттарын іске асыру мақсатында таңдау бойынша компонент пәндерінің аннотацияланған тізбесін қамтитын элективті пәндер каталогы жасалады. 48. ЖОО-да оқу жұмысының мынадай негізгі түрлері белгіленеді: дәрістер, практикалық (семинарлар), зертханалық, студиялық сабақтар, жеке сабақтар, студенттің өзіндік жұмысы, курстық, есептік-графикалық жұмыстар, кәсіптік практикалардың барлық түрлері, қорытынды аттестаттауға дайындық және одан өту. Дәрістер мен семинарлар, практикалық, студиялық, зертханалық жеке сабақтар арасындағы кредит көлемінің арақатынасын жоо үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықтайды. 49. Дәріс сабақтарын өткізуге, бітірушінің біліктілік жұмысына жетекшілік етуге, студенттің ҒЗЖ профессор, доцент, аға оқытушы лауазымдарын атқаратын оқытушылар жіберіледі. 50. Дәрістер оқуға және/немесе басқа оқу сабақтарының түрлерін өткізуге, еңбегі сіңген мәдениет қайраткері, өнер қайраткерлері, немесе, мамандық бейіні бойынша кемінде 3 жыл практикалық тәжірибесі бар тәжірибелі мамандар да тартылуы мүмкін. 51. Оқу жұмысының басқа түрлері атқарып отырған лауазымына қарамастан барлық оқытушылардың педагогикалық жүктемесіне кіруі мүмкін. 52. Оқу жұмысы аудиториялық (дәрістер, семинарлар, практикалық)студиялық, жеке және зертханалық сабақтар) және аудиториядан тыс деп бөлінеді, оған оқу жұмысының барлық қалған түрлері кіреді. 53. Білім алушылардың жоғары білім беру бағдарламаларын меңгеруі үшін барынша қолайлы жағдайлар жасай отырып, жоо оқыту нысандарын, әдістері мен құралдарын дербес анықтайды. Бұл ретте оқу сабақтары инновациялық оқыту технологияларын ескере отырып, ғылым, техника, технологиялар, ақпараттық жүйелердің ең озық жетістіктерін пайдалана отырып және интерактивті нысанда өткізіледі. 54. ЖОО оқытушысы оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларының талаптарын сақтау шартымен, оқу сабақтарын ұйымдастыру және өткізу тәсілдері мен нысандарын, оқыту әдістерін таңдау еркіндігіне ие. 55. Жоғары білім берудің білім бағдарламалары пәндердің үш циклын қамтиды: жалпы білім беретін пәндер циклы, базалық пәндер циклы және бейінделген пәндер циклы, сондай-ақ қосымша оқыту түрлері (мамандық бойынша кәсіптік практика, дене шынықтыру (ритмика) және тағы басқа) және қорытынды аттестаттау. 56. Пәндердің әр циклы тізбесі мен мазмұны үлгілік оқу жоспарларында және типтік оқу бағдарламаларында анықталатын міндетті компонент пәндерінен, сондай-ақ тізбесі мен мазмұны жұмыстық оқу жоспарларында анықталатын элективтік пәндер каталогі, жұмыстық оқу бағдарламаларында және силлабустарда айқындалатын таңдау компоненті пәндерінен тұрады. Әрбір пән, әдетте, бір академиялық кезең ішінде оқытылады. 57. Оқыту барлық оқу нысандарына бірдей оқу бағдарламалары негізінде жүзеге асырылады. 58. ЖОО-да оқу үрдісі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар адамдар үшін жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған оқу бағдарламалары бойынша ұйымдастырылуы мүмкін. Бұл жағдайда көлемдерінің жеткіліктігі және білім беру бағдарламасының сабақтастығы шартымен кредиттерді есептеу және бұрын игерген пәндерді есепке алу жүзеге асырылады. Оқу ауқымы мен мерзімі транскрипт (дипломға қосымшалар) негізінде айқындалатын білім алушылардың пререквизиттері ескеріле отырып айқындалады. Техникалық және кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар адамдар үшін қысқартылған бағдарламалары бойынша күндізгі нысан бойынша оқу мерзімі кемінде 3 жылды, жоғары білімі бар тұлғалар үшін кемінде 2 жылды құрайды. 59. Білім алушылардың кәсіптік практикасы, оқу және ғылыми тағылымдамасы, ҒЗЖ және экперименталдық-зерттеу жұмысы академиялық күнтізбеге сәйкес жүргізіледі. Кәсіптік практика оқыту үрдісінде алынған теориялық білімдерді бекітуге, практикалық дағдылар мен құзыреттерді меңгеруге бағытталған. 60. ЖОО әзірлеген бағдарлама мазмұны және кәсіптік практика базасы мамандық бейініне (білім бағдарламасына) сәйкес келуі тиіс. 61. ЖОО оқу жылы басталғанға дейін «Кәсіптік практиканы өткізуге арналған үлгілік шарттың нысанын бекіту туралы» нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің Мемлекеттік Реестрі тізіліміне 5053 нөмерімен тіркелген, 2007 жылғы 29 қарашадағы № 582 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің бекітілген бұйрығымен 1 ай бұрын кәсіптік практиканы ұйымдастыру бойынша үлгілік шарттың нысанына сәйкес практика базаларымен тиісті шарттар жасайды. 62. Кәсіптік практиканың барлық түрлеріне жолдама мерзімі, базасы мен басшысын көрсете отырып, жоо ректорының бұйрығымен рәсімделеді. Диплом алды практикаға ғылыми жетекшілікті бітірушінің біліктілік жұмысының ғылыми жетекшісі жүзеге асырады. 63. Сыртқы бөлімде білім алушылар мамандығы бойынша жұмыс істеген жағдайда, кәсіптік практикадан босатылады. Бұл жағдайда олар жоо-на кәсіби қызметін көрсететін жұмыс орнынан анықтама, қызметі балдық бағамен бағаланған мінездеме әкелулері қажет. 64. ЖОО білім алушылардың ағымдағы және межелік үлгерімін бақылау және аралық аттестаттаудан өткізу нысандарын, тәртібі мен мерзімділігін дербес таңдайды. 65. Білім алушыларды оқу пәндеріне тіркеу, меңгерілген кредиттерді есепке алу, аралық аттестаттауды өткізу және білім алушылардың оқу жетістіктерінің бүкіл тарихын жүргізу үшін жоо-да офис тіркеуші құрылады. 66. Офис тіркеуші мынадай функцияларды атқарады: 1) білім алушыларды оқу пәндеріне тіркеуді жүргізеді; 2) академиялық топтар мен лектер құрады; 3) білім алушылардың жеке оқу жоспарларын белгіленген тәртіппен тіркейді; 4) білім алушылардың аралық және қорытынды аттестатталуын ұйымдастырады және өткізеді; 5) білім алушылардың академиялық рейтингін есептеуді жүзеге асырады; 6) оқытудың барлық кезеңі ішінде және бүкіл оқыту кезеңінде білім алушылардың игерген кредиттерін есепке алуды жүргізеді; 7) білім алушылардың транскриптін жазып береді; 8) академиялық ұтқырлықты ұйымдастырады. 67. Оқу үдерісі мен ҒЗЖ қамтамасыз ету мақсатында жоо-да оқу және мамандандырылған зертханалар көзделген. Зертхана жабдығы заманауи және адекваттық бакалаврлар, магистранттар және PhD даярлаудың бағдарламаларына сай болуы тиіс. 68. Оқу және тәрбие жұмысы білім алушылар мен профессорлық-оқытушылық құрамының адамдық қадір-қасиетін өзара құрметтеу негізінде жүзеге асырылады. 69. ЖОО-ның тәрбие қызметі оқу үрдісінің құрамдас бөлігі болып табылады және тұлғаның кәсіби, әлеуметтік, зияткерлік, адамгершілік, шығармашылық қасиеттері мен салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған. 70. ЖОО-ның тәрбие жұмысы тәрбие жұмысы бойынша кешенді жоспар негізінде жүзеге асырылады. ЖОО-ның тәрбие жұмысы: 1) білім алушылардың бойында өз бетінше және білікті түрде шешімдер қабылдау мен біліктілікті жүзеге асыру икемділіктерін қалыптастыру; 2) білім алушылардың бойында патриотизм, азаматтылық, интернационализм, жоғары мораль мен адамгершілікті қалыптастыру; 3) білім алушыларды салауатты өмір салтына, қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысуға ынталандыру; 4) кафедра бейіні бойынша білім алушылардың ой-өрісін кеңейтуге, таңдаған мамандығына құндылық қатынасты қалыптастыруға ықпал ететін тақырыптық іс-шаралар өткізу; 5) жалпы білім беретін орта мектептерде, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушылардың арасында кәсіптік бағдарлау жұмысын жүргізу кіреді. 71. Шығармашылық қызмет оқу үрдісінің құрамдас бөлігі және болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін, шығармашылық әлеуетін ашу және мәдениет және өнер саласында арнайы дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. 5. Білімді бақылау мен бағалау 72. Кәсіби дайындықтары мен оқу жетістіктерін бағалау үшін жоо-да білім алушылардың білімін бақылау мен бағалау жүйесі ұйымдық-құқықтық нысандарына, оқыту және бағыныстылық нысандарына қарамастан жұмыс істейді. 73. ЖОО-да білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау және бағалау жүйесі түрлі нысандарды қамтиды: үлгерімді ағымдағы бақылау, білім алушыларды аралық аттестаттау және қорытынды мемлекеттік аттестаттау. 74. Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау пәннің оқу бағдарламасына сәйкес ағымдағы сабақтарда оқытушы жүргізетін білім алушылардың оқу жетістіктерін жүйелі тексеруді қамтамасыз етеді. 75. Пәннің оқу бағдарламасы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудың алуан түрлерін айқындайды: ауызша сұрау, жазбаша бақылау, құрамдастырылған бақылау, үй тапсырмаларын таныстыру, пікірталастар, тренингтер, дөңгелек үстелдер, кейс-стадилер, тесттер. 76. Курстық, шығармашылық, есептеу-графикалық және оқу жоспарында көзделген басқа да жұмыс түрлері емтихан сессиясы басталғанға дейін қорғалып, осы пәннен емтиханға жіберу қызметін атқаруы тиіс. Осы жұмыс түрлері бойынша бағалаулар пәннен емтиханға жіберу рейтингісін есептеу кезінде (яғни рейтингілік бақылау жүргізу кезінде) ескерілуі тиіс. Егер оқу жоспарына сәйкес пән бойынша бақылау нысаны курстық жұмыс (жоба), көрсетілім, қойылым болып қана айқындалса, онда қорғау бағасы жалпы пән бойынша жалпы қорытынды баға болып табылады. 77. Білім алушылардың әр пәннен оқу жетістіктерінің деңгейі емтиханға жіберу рейтингісінің бағасынан, емтихан бағасынан құралатын қорытынды бағамен айқындалады, олардың сомасы қорытынды бақылау бағасын қалыптастырады. Емтиханға жіберу рейтингісінің бағасы үлгерімді ағымдағы бақылау бағасы мен межелік бақылау бағасынан құралады. Емтиханға жіберу рейтингісінің бағасы пәннен қорытынды білім бағасының 60%-ын құрайды. 78. Үлгерімді ағымдағы бақылау нәтижелерін есепке алуды оқытушы студенттердің жеке сабақ түрлерін орындау мен тапсыру шамасына қарай силлабусқа сәйкес жүргізеді. Тапсырмаларды орындау студенттердің сабаққа қатысу және үлгерім журналында, сондай-ақ ақпараттық жүйедегі білім алушылардың білімін ағымдағы бақылаудың электрондық тізбесінде тіркеледі. 79. Сырттай оқыту нысандарының студенттері емтиханға жіберу рейтингін барлық тиісті тапсырмаларды орындау шартымен белгіленген кесте бойынша емтихан сессиясы басталғанға дейін жинайды. 80. Экстернат нысанында білім алушылар жоо құрылымдық бөлімшесінің басшысы бекіткен жеке кесте бойынша емтиханға жіберу рейтингін жинайды. 81. Қорытынды бақылау аралық аттестаттау кезеңінде жүргізіледі. Қорытынды бақылауды бағалау пән бойынша білімді қорытынды бағалаудың 40%-ын құрайды. Қорытынды бағалау білім алушы жіберу рейтингісімен қорытынды бақылаудан оң баға алған жағдайда ғана есептеледі. 82. Білім алушы жіберу рейтингісінің қорытынды бақылау бағаларына апелляция жасауға құқығы беріледі. Осы мақсатта университет ректорының бұйрығымен біліктілігі апелляцияланушы пән бейініне сәйкес келетін оқытушылар құрамынан апелляциялық комиссия құрылады. 83. Кәсіптік практика қорытындылары бойынша студенттер тиісті кафедраға есеп тапсырады, оны жетекші мен кеңесші тексереді және кафедра меңгерушісі өкімімен құрылған комиссия алдында қорғайды. Есепті қорғау нәтижелері бағалаудың белгіленген балдық-рейтингілік әріптік жүйесі сараланған сынақпен бағаланады. Практика бойынша (әдетте оқу, оқу-таныстыру, орындаушылық) бір жетекшіні тағайындау кезінде баға көрсетілген білімге сәйкес ұсынылған есепті қорғау қорытындылары бойынша қойылады. Практика бойынша екі жетекшіні тағайындау кезінде (әдетте педагогикалық, өндірістік, диплом алды) практика базасынан жетекшісінің үлес салмағы қорытынды бағалауда 40%-ды құрайтын бағасы мен жоо барған жетекшінің қорытынды бағалауда 60%-ды құрайтын бағасы ескеріле отырып қорытынды баға қойылады. 84. Практикадан өтпеген, практика бағдарламаларын орындамаған, жұмысы туралы теріс пікір алған немесе есепті қорғау кезінде қанағаттанарлықсыз баға алған студенттер теориялық оқытумен қатар келесі академиялық мерзімде немесе жазғы семестр кезеңінде практикаға қайта жіберіледі. 85. Оқу жоспары мен бағдарламалардың барлық талаптарын толық орындаған білім алушылар қорытынды мемлекеттік аттестаттауға жіберіледі. Білім алушыларды қорытынды аттестаттау – олардың тиісті білім беру деңгейінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім. Қорытынды аттестаттау тиісті мамандықты игеру процесінде білім алушылардың алған білімдерін, шеберліктерін, дағдылары мен біліктілігін тексеруге бағытталған. Қорытынды аттестаттау мамандық бойынша тұтастай немесе жекелеген базалық және/немесе бейіндік пәндер бойынша жалпы мемлекеттік емтихан тапсыру және бітірушінің біліктілік жұмысы (дипломдық жұмыс/жоба) қорғау немесе басқа да профильдік бейініне сәйкес шығармашылық жұмыс, магистрлік немесе докторлық жұмысты жүзеге асырылады. 86. Білім алушыларды қорытынды аттестаттауда баға мемлекеттік аттестаттау комиссиясының барлық мүшелерінің пікірін және балдық-рейтингілік әріптік жүйе бойынша игерілген білімді ескере отырып қойылады. 87. Бітірушінің біліктілік жұмысы (дипломдық жұмыс-жобаны немесе профильдік бейініне сәйкес басқа шығармашылық жұмысты) қорғау бағасы ғылыми жетекші пікірін, рецензент пікірін және қорғау нәтижелерін ескере отырып, қойылады. Қорытынды аттестаттаудың әрбір нысаны бойынша балдық-рейтингілік әріптік жүйе бойынша жеке баға қойылады. 88. Қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша білім алушыға тиісті академиялық бакалавр дәрежесі, магистр академиялық дәрежесі тағайындалып және жоғары білім туралы диплом беріледі. 89. Студенттің бір жылғы академиялық үлгерім деңгейі кредиттер мен пән бойынша қорытынды баға туындылары сомасының оқытудың ағымдағы кезеңі ішіндегі кредиттер сомасына қатынасы ретінде есептелетін орташа балл (GPA) түрінде айқындалады. 90. Жазғы емтихан сессиясын өткізгеннен кейін факультет деканаттары кейіннен мәліметтерді офис тіркеушіге жібере отырып топтар, сондай-ақ мамандықтар мен оқыту курстары бойынша орташа академиялық рейтинг (немесе GPA деңгейі) бойынша студенттер мен оқу топтарын ранжирлеуді жүргізеді. 91. Офис тіркеушісі факультеттер ұсынған академиялық рейтинг туралы деректерді, оқу жетістіктерін сырттай бағалау нәтижелерін қорытындылай отырып, факультеттерді ранжирлеуді жүргізеді, жоо бойынша үздік студенттер мен үздік академиялық топтарды айқындайды және осы ақпаратты жоо-ның веб-сайтына орналастырады. 6. ЖОО-ның ғылыми және халықаралық қызметі 92. Ғылыми-зерттеу қызметі білім мен ғылымның ықпалдасуын қамтамасыз етуге, осы негізде ғылыми-білім беру процесін,бәсекеге қабілетті ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті ұлттық инновациялық жүйенің нәтижелілігі мен тиімділігінің маңызды элементі ретінде дамытуға бағытталған. Іргелі, ізденгіштік, қолданбалы ҒЗЖ және инновациялық қызметтер жоо-ның құрылымдық бөлімшелерінде жүзеге асырылады. 93. ЖОО-ның ғылыми-зерттеу жұмысы: 1) іргелі, ізденгіштік, қолданбалы ғылыми-зерттеушілік, тәжірибелік-құрастырушылық жұмыстарды және инновациялық қызмет жүргізуді; 2) ғылыми-педагогикалық қызметкерлер мен білім алушылардың ғылыми зерттеулері мен шығармашылық қызметі арқылы жаңа білімдерді алуды; 3) жоғары білімді дамытудың теориялық және әдіснамалық негіздерін зерттеуді және әзірлеуді; 4) жоо оқу процесіне оқытудың инновациялық технологияларын әзірлеу мен енгізуді; 5) ғылыми зерттеулер нәтижелерін оқу процесіне және өндіріске енгізуді; 6) өз ғылыми мектептерін қалыптастыруды және дамытуды, ғылыми-педагогикалық қызметкерлер мен білім алушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына белсенді тартуды; 7) әзірлемелерді коммерциялау және ғылымды көп қажет ететін және бәсекеге қабілетті техника мен технологиялар трансферті; 8) зерттеушілер мен әзірлеушілердің зияткерлік меншігі мен авторлық құқықтарын қорғауды; 9) тартылған қаражат пен инновациялық қызметті пайдалану есебінен зерттеулер мен әзірлемелердің қаржылық негізін кеңейтуді; 10) білім алушылардың ҒЗЖ-сын ұйымдастыруды және жетекшілік етуді қамтиды. Профессорлық-оқытушылық құрам жеке жұмыс жоспарына сәйкес негізгі жұмыс уақытында өз қызметінің міндетті құрамдас бөлігі ретінде ҒЗЖ орындайды. 94. ЖОО-ның ғылыми қызметі мамандар даярлау үдерісінің қажетті құрамдас бөлігі болып табылады. Оқу және ғылыми және инновациялық үрдістердің бірлігі: студенттерді республикалық бюджет, басқа бюджеттер, бюджеттен тыс қаржыландыру көздері есебінен орындалатын ҒЗЖ-на қатысуға тарту; ғылыми және ғылыми-өндірістік бөлімшелер базасында белсенді оқу жұмысының, дипломдық және курстық жобалаудың, оқу және өндірістік практиканың, студенттерді мақсатты даярлаудың және мамандар даярлаудың басқа да әралуан нысандарын жүргізу; оқу және ғылыми процестерді компьютерлендіру, біртұтас ақпараттық ортаны қалыптастыру және студенттердің информатиканың заманауи әдістері мен құралдарын игеруі есебінен қамтамасыз етіледі. 95. ҒЗЖ-сын үйлестіруді ғылыми жұмыс жөніндегі проректор жүзеге асырады. Аталған бөлімшелер ҒЗЖ дамыту және ағымдағы жоспарларын, есептілік нысандарын әзірлейді, жоо ҒЗЖ тізілімін жүргізеді, ғылыми-зерттеу қызмет нәтижелерін қорытындылайды, оларды жинақтайды. 96. ҒЗЖ орындау нәтижелері бойынша күнтізбелік жоспарда көзделген аралық және қорытынды есептер жасалады. Есепте мазмұндалған деректердің дұрыстығына ҒЗЖ жетекшілері мен орындаушылар жауапты болады. 97. ЖОО-ның халықаралық қызметі жетекші шетелдік университеттермен ынтымақтастық жасау бағдарламасының, халықаралық білім беру бағдарламалары мен жобаларын іске асыру, бірлескен ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру, ғылыми-практикалық семинарлар мен конференциялар ұйымдастыру, оқытушылық кадрлармен алмасу және студенттік ұтқырлықты дамыту шеңберінде жүзеге асырылады. 7. ЖОО қызметін ақпараттық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету 98. ЖОО-ның ақпараттық ресурстармен қамтамасыз етілуі білім беру қызметін жүзеге асырудың міндетті шарты болып табылады. 99. ЖОО-ның ақпараттық ресурстары қалыптастырылған идеялар мен білімдерді, әртүрлі деректерді, олардың жинау әдістері мен құралдарын, ақпарат көздері мен тұтынушылары арасындағы сақтау мен алмасуды білдіреді. Ақпараттық ресурстар кез-келген тасымалдағыштағы білім беру бағытындағы (басқарушылық, оқу, ғылыми, оқу-әдістемелік) толық мәтіндік, фактографиялық және библиографиялық деректер базасын, анықтамалық-іздестіру жүйелерін, оның ішінде дәстүрлі және электронды кітапханалық каталогтар мен картотекаларды, жергілікті қолжетімділіктегі электронды ресурстарды, білім беруші ақпаратты жасауды, сақтауды және пайдалануды қамтамасыз ететін бағдарламалық құралдарды, ақпаратты тарату арналарын, білім беру мақсатты ретінде пайдаланылатын коммуникация құралдарын қамтиды. 100. Кітапхана қоры ақпараттық ресурстардың құрамдас бөлігі болып табылады және оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиетті, сондай-ақ заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді қамтиды. Жоғары білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру білім алушылардың электронды кітапханаларда орналастыратын халықаралық дереккөздерді қоса алғанда, кітапхана қорына, компьютерлік технологияларға, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиетке, оқу, ғылыми, ақпараттық деректер базасына, еркін қол жеткізумен қамтамасыз етіледі. Оқу және ғылыми әдебиеттер қоры келтірілген студенттер контингентіне қатынасы бойынша оқытудың толық циклында басылымның кемінде 140 бірлігін құрауы тиіс. Кітапхана қоры соңғы 10 жылда шығарылған негізгі оқу әдебиетінен тұрады. Бұл ретте қазақ және орыс тілдеріндегі басылымдар оқыту тілі бойынша білім алушылар контингентіне барабар болуы тиіс. Цифрлы тасымалдағыштардағы оқу әдебиеттерімен қамтылу мамандықтың оқу жоспарының базалық және бейіндік пәндерінің кемінде 40%-ын құрайды. 101. Мәдениет және өнер саласындағы мамандарды дайындауға арналған әдебиеттерге кітаптар, нота жинақтары, партитуралар және клавирлер жатады. 102. Оқу-әдістемелік әдебиеттерге оқу-әдістемелік құралдар, әдістемелік құралдар, дидактикалық, көрнекі құралдар, оқу-әдістемелік әзірлемелер, пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқаулықтар немесе ұсынымдар, зертханалық, курстық, дипломдық және басқа да жазба жұмыс түрлерін орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтар, оқу пәндері бойынша анықтамалық құралдар мен басылымдар жатады. 103. ЖОО кітапханасының ғылыми қоры мамандарды даярлау бағыттары мен мамандықтарына зерттеу саласын қамтитын монографиялық, ғылыми және ғылыми-өндірістік сипаттағы кітаптар тізбесін қамтиды. Ғылыми қорға сондай-ақ энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалықтар, түсініктемелер, бағдарлама бойынша оқытылатын әдеби шығармалар, нормативтік құқықтық актілер, мерзімді басылымдар, оның ішінде білім беру ұйымдарының хабаршылары, ғылыми еңбектердің, оқыту бейініне сәйкес келетін халықаралық конференциялардың жинақтары кіреді. 104. Оқу әдебиетінің өз басылымдары оқу құралдарын, оқу-әдістемелік құралдарды қамтиды. Әдістемелік әдебиеттің өз басылымдары әдістемелік ұсыныстарды, оқу пәндерін оқыту, игеру, оқу жұмыстарының жекелеген түрлерін орындау бойынша нұсқаулар мен құралдарды қамтиды. 105. ЖОО оқу-ғылыми ақпараттық активтерін жинау, жинақтау, сақтау, шығару процестері білім беру ұйымдары кітапханаларының жұмысы жөніндегі әдістемелік материалдарға сәйкес жүзеге асырылады. 106. ЖОО-ларда интернет ресурсты, ақпараттық-білім порталын, оқытудың кредиттік технологиясын қамтамасыз етудің автоматтандырылған жүйесін, жоо жергілікті желілерінде орналасқан ақпараттық-білім ресурстарының жиынтығын және жоо-ның кез келген компьютерінен интернетке жолақты және жоғары жылдамдықта барлық ақпараттық ресурстарға қол жетімділікті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тармақталған компьютерлік желіні қамтитын жоғары технологиялық ақпараттық-білім беру ортасы құрылуы тиіс. 107. Ақпараттық және оқу-әдістемелік қамтамасыз е