03 Шілде, 2015

Мерекелік шаралар аясындағы Астана

336 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Астана қаласының төл мерекесіне орай бірқатар қалалық сауда желілерінде мерекелік акциялар өтеді. Атап айтқанда, «5 минут» супермаркетінде 1-19 шілде аралығында өтетін жеңілдіктер акциясын насихаттауға бағытталған кітапшалар таратылды. Астана қаласы  әкімдігі Кәсіп­керлік және өнеркәсіп басқар­масының хабарлауынша, «Анвар» супермаркеттер желісінің барлық дүкендерінде кейбір азық-түлік және өнеркәсіптік тауарлар 17 пайыздан 50 пайызға дейінгі жеңілдіктермен сатылмақ. «Ақ Орда Capital» ЖШС мерекеге орай бірқатар азық-түліктердің бағасына (сүт өнімі – 7-15%, «Ассам» шайы – 7%, жұмыртқа – 10%, құс еті – 10%, тәттілер – 30%, сусындар – 20%) 30 пайызға дейін жеңілдіктер жасайды. Ал, елордалық «Green» сауда желісі 1-7 шілде аралығында «Мастер», «Аружан» және «Хан Шатыр» сауда орталықтарында өз тауарларын 17 пайыз жеңілдікпен сатады және шілденің 6 күні сауда орталықтарына келушілер ерекше ілтипатқа бөленбек. Әр сатып алушыға, балаларға тәтті тағамдар ұсынылады. «Астықжан» сауда орталығы Елорда күні аясында тұрғындарға SMS хабарлама жіберіп, жекелеген тауарларға 50 пайыз жеңілдіктер жасалатыны туралы хабарлайтын болады. Сонымен бірге, 1-6 шілде аралығында «Астықжан» дүкендерінде әлеуметтік маңыз­ды тауарларға жеңілдіктер қарас­тырылған. 1 шілде күні «Астық­жан» сауда жүйесінің өкіл­дері балалардың жүйке және сал ауру­лары орталығында болып, мүм­кіндігі шектеулі балаларды ме­рекемен құттықтады. Олардың көңілін көтеру шараларын ұйымдастырып, мерекелік сыйлықтар тапсырды. Сондай-ақ, бұл сауда жүйесіне қарасты барлық дүкендер мереке күндері көз тартатындай безендіріледі. Сонымен қатар, «Smаll», «А2», «Магнум  Кэшен энд Кэри», «Астана мир вкуса» сауда желі­лерінде де мерекелік шаралар ұйым­дастырылып, жекелеген тауарлар жеңілдікпен сатылатын болады. «Егемен-ақпарат».