Кеше Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан музейлерінің жұмысын жаңғырту туралы» деген тақырыпта баспасөз конференциясы өткен болатын.
Бұл бағытта жүргізіліп отырған жұмыстар туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Ғ.Ахмедьяров, елордадағы Ұлттық музейдің директоры Д.Мыңбай, Алматыдағы Орталық мемлекеттік музейдің директоры Н.Әлімбай, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Х.Әбжанов баяндады.
Музейлердің заңнамалық базасын жетілдіру, музей ісінде қолжетімділікті арттыру, заманауи ІТ-технология өнімдерін енгізу, ғылыми-зерттеулерді жетілдіру, сонымен қатар, жеке коллекция жиюшылармен байланыс жасау, т.б. ортаға салынды.
Жиын барысында вице-министр Ғ.Ахмедьяров, Президент Н.Назарбаевтың жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап беретін, сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда елімізді үздік отыздыққа апаратын «Бес институттық реформа – 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жариялағанын тілге тиек етіп, аталған ұлт жоспарының «Біртектілік пен бірлік» бағыты бойынша үстіміздегі жылы шілдеде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің төрағалығымен жаңғырту жөніндегі Ұлттық комиссия отырысы өткенін, нақты тапсырмалар берілгенін атады. Сондай тапсырмалардың бірі, «Біртектілік пен бірлік» институттық реформасының 86-шы қадамы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел» – Үлкен отбасы» кең көлемді жобасын әзірлеу және жүзеге асыру болып табылатынын осы жобаның аясында қазіргі уақытта ел музейлерінің жұмысын жаңғырту жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатқанын нақты мысалдармен алға тартты.
Мысалы, Ұлыбританияда барлық музейлер мен кітапханаларды біріктіретін National Arts Council (Өнер ұлттық кеңесі) жұмысы жолға қойылғанын біреу білсе, бірі білмейді. Сондай игі қадамға бару үшін.
Ұлттық музей жанынан музейлер мен музей қызметкерлерінің Ұлттық кеңесі ассоциациясын құру жоспары талқыланды.
Конференцияға қатысқандар биылғы жылы Абайдың «Жидебай – Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалды қорық-мұражайының аумағында қонақ үйі мен асханасы, конференц-залы бар тарихи-мәдени туристік кешен, сондай-ақ «Таңбалы» қорық-мұражайында құрылатын визит орталықтың жобасы жасақталғанын да еске салды.
Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан».

Ата заң • Бүгін, 08:15
Аймақтар • Бүгін, 08:10
Мал шаруашылығын өрістетуге қолайлы өңір
Саясат • Бүгін, 08:05
Парламенттік дипломатия: Қазақ-өзбек зиялыларының форумына ұйытқы болды
Саясат • Бүгін, 08:00
Экономикалық әріптестік нығая береді
Саясат • Бүгін, 07:58
Пікір • Бүгін, 07:55
Бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға мүдделі
Саясат • Бүгін, 07:53
Ғылым қоғамға қызмет етуі керек
Пікір • Бүгін, 07:50
Қасым-Жомарт Тоқаев: Адамзаттың барлық жетістігі – ғалымдардың зияткерлік еңбегінің жемісі
Президент • Бүгін, 07:45
Қоғам • Кеше
Қазақстан IT-қызметтердің экспортынан 1 млрд доллардан астам табыс тапты
Технология • Кеше