Бакуде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-тың президенті Асқар Маминнің төрағалығымен Халықаралық транскаспий көлік маршрутын (ХТКМ) дамыту жөніндегі үйлестіру комитетінің кезекті мәжілісі болып өтті.
Мәжіліске Қазақстан, Әзербайжан және Грузия теміржол әкімшілігінің басшылары, Ақтау халықаралық теңіз сауда портының, Баку халықаралық теңіз сауда портының, Каспий теңіз пароходтығының басшылығы қатысты.
Мәжіліс барысында тараптар күн тәртібіне шығарылған бірқатар көкейкесті мәселелерді талқылады және келісті. Олардың ішінде Қытай – Қазақстан – Әзербайжан – Грузия – Түркия елдерінің қатысуымен «Nomad Express» контейнерлік пойызын өткізу бойынша көлік компанияларының арасындағы өзара іс-әрекетті бекіту, теміржол және теңіз көлігі халықаралық қатынасын жолға қою жайлары талқыланды. Сондай-ақ, «Nomad Express» ХТКМ маршруты бойынша контейнерлік пойызды ұйымдастыру үшін кешенді мөлшерлеме қабылдау туралы мәселе қаралды. Сонымен қатар, ХТКМ маршруты бойынша тасымалдауға қатысушылар арасында консорциум құру мен Қытай және Еуропа елдеріне Роуд-шоу ұйымдастыру туралы мәселелер сөз болды.
Үйлестіру комитеті жұмысының қорытындылары бойынша тараптар жоғарыда аталған Өзара іс-қимыл технологиялары туралы құжатқа қол қойды.
Мәжілісте басқа да бірқатар келісімдерге қол жеткізілді. Мәселен, «Nomad Express» контейнерлік пойызын ұйымдастыру үшін арнайы тарифтік шарттар қабылдау, ХТКМ маршруты бойынша оған әлемдік көлік нарығындағы қатысушылар арасында консорциум құру көзделеді. Ал консорциумнің мақсаты клиентке бағдарланған жоғары деңгейлі логистикалық өнімдер жасау, маршрутқа клиенттер іздеу мен тарту және Еуропа елдерінен Қытайға Роуд-шоу жүк ағындарын ұйымдастыру жолында өңірлермен әріптестік байланыстарды жолға қою болып табылады.
«Егемен-ақпарат».

Ата заң • Бүгін, 08:15
Аймақтар • Бүгін, 08:10
Мал шаруашылығын өрістетуге қолайлы өңір
Саясат • Бүгін, 08:05
Парламенттік дипломатия: Қазақ-өзбек зиялыларының форумына ұйытқы болды
Саясат • Бүгін, 08:00
Экономикалық әріптестік нығая береді
Саясат • Бүгін, 07:58
Пікір • Бүгін, 07:55
Бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға мүдделі
Саясат • Бүгін, 07:53
Ғылым қоғамға қызмет етуі керек
Пікір • Бүгін, 07:50
Қасым-Жомарт Тоқаев: Адамзаттың барлық жетістігі – ғалымдардың зияткерлік еңбегінің жемісі
Президент • Бүгін, 07:45
Қоғам • Кеше
Қазақстан IT-қызметтердің экспортынан 1 млрд доллардан астам табыс тапты
Технология • Кеше