15 Қазан, 2015

Ықпалдастық ахуалы сөз болды

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шуваловпен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Бұл кездесу Ресей Президенті Владимир Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары қарсаңында өтіп отыр. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкі­мет­аралық комиссияның тең төрағалары Ба­қытжан Сағынтаев пен Игорь Шувалов екіжақты әріп­тес­тіктің, соның ішінде отын-энер­гетика кешені, өнеркәсіп, атом энергиясы, көлік салаларындағы әріптестіктің кең ауқымды мәсе­лелерін талқылады. Кездесу барысында сондай-ақ, Қа­зақстанның ДСҰ-ға өтуде қабыл­даған міндеттемелері және олар­­ды Еуразиялық экономикалық одақ­тың келісімшарттық базасына имплементациялау жайы талқыланды. Тараптар өзара ынты­мақ­тас­тық­ты күшейту, соның ішінде ЕАЭО шең­берінде күшейту үшін айтар­лықтай әлеуеттің бар екенін атап көрсетті.