27 Тамыз, 2015

Ұлттық Банк хабарлайды, түсініктеме береді, түсіндіреді

280 рет
көрсетілді
19 мин
оқу үшін
100-685Ислам банкингі Қолдану аясы кеңейеді Ислам банкингі мәселелерін реттейтін кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар күшіне енгеннен кейін, Қазақстанда исламдық сақтандыру, тауарлы мурабаха және ислам лизингі тәрізді ерекше қаржылық құралдардың пайда болуы үшін жағдай жасалды. Динара ЮСУПОВА. Нацбанк-1 Мемлекет басшысының ағым­­дағы жылдың сәуір айында «Сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселесі бойынша ҚР-дың кейбір заңнама актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» тиісті заң жобасына қол қоюы оған жол ашты. Оны ҚР Ұлттық Банкі жасап, бастамашы болды. Қазақстан қазірдің өзінде ислам банкингін дамыту мәселесі бойынша өңірдегі және кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістіктегі көшбасшы болып танылды. Ұлттық Банк өкілдерінің сөзіне қарағанда, республикада исламдық қаржыландыру Президент Н.Ә.Назарбаевтың қолдауы арқа­сында белсенді даму үстінде. Мемлекет бас­шысының тапсырмасы бойын­ша 2020 жылға дейінгі ис­ламдық қаржыландыруды да­мытудың Жол картасы жасалып қабылданды. Оны жүзеге асыру исламдық қаржылық қызмет көрсету индустриясын тұрақты дамыту, эмитенттердің, инвесторлардың және нарыққа қатысушылардың массаларын құру үшін жағдай жасауға ықпал етеді. Әсіресе, заңнамаға сәйкес, діни қатыстылығы исламдық қаржылық қызмет көрсетуге қолжетімділікті шектеудің шар­ты болып табылмайды. Ис­­ламдық қаржылық қызмет көрсетуді алудың негізгі шарты – исламдық қаржыландырудың қағидатына клиент қызметінің сәйкестігі болуы. Тәжірибе көрсеткеніндей, ислам банкингі күнделікті тіршілікке біртіндеп кіру үстінде. Мәселен, дағдарыс жылдары елге Таяу Шығыстан инвесторлар тартылып, исламдық қаржыландыру бойынша заңнама қабылданды және 2010 жылы алғашқы Al Hilal исламдық банк ашылды. Қазір банк отандық қаржы жүйесімен ойдағыдай ықпалдасып, Алматыда бас кеңсесін, Астана және Шым­кент қалаларында филиалдарын ашып, өз клиенттерін тапты. Ал басқа исламдық құралдардың өзіне тән қырлары қандай және респуб­ликада олардың дамуын қалай күтеді? Ұлттық Банктің мамандары осының аражігін ажыратуға көмектесті. Исламдық сақтандыру Ол барлық сақтандырушылар арасында өзара көмек қағидат­тарына және тәуекелдердің ұжым­дық бөлуіне негізделеді. Жи­нақ­талған сақтандыру сый­лық­ақылары сақтандыру ұйымда­рының меншігіне өтпейді, жеке баланстан тыс шотқа (такафул-қор) аударылады, ол барлық сақтандырушылардың жалпы үлестік меншігі болып табылады. Яғни, исламдық сақтандыру ұйымы тек сақтандыру төлем­дерінің операторы болып, исламдық сақтандырудың қабылданған үлгісіне сәйкес сыйақы активтерін басқаруды қолына алады. Исламдық сақ­тандыру ұйымы, сондай-ақ, исламдық банктер ретінде ысы­рапшылдыққа тосқауыл қою, пайыздарды есептеу және алу, темекі, алкогольді өнімдер, қару және оқ-дәрі өндірісіне,  құмар ойын бизнесіне байланысты сақтандыру және қаржыландыру қызметіне тосқауыл қою ретінде осындай қағидаттарға сәйкес жұмыс істейді. Қазірдің өзінде республикада «Такафул» өзара халал сақтандыру қоғамы» АҚ исламдық сақтандыру компаниясы әрекет етеді. Ол сақтандырудың дәстүрлі түрі қамтылмаған тұлғалар үшін сақтандыру қызметтерін ұсынады. Тауарлы мурабаха Бұл исламдық қаржылан­дыру­дың ең талап етілетін құралы. Мурабаханы жалпыға бірдей қолжетімді түсіну – бұл сауда келісімі, онда сатушы келтірілген шығындарды көрсетіп, алғашқы құнына баға қосып басқа тұлғаға сатады. Ол сатып алушыға бұ­рыннан белгілі. Тауарлы мурабаха – айналымдағы капиталды қаржыландыруға бағытталған өнім және тауарлы-материалдық запастарды сатып алу-сату арқылы жүзеге асырылады. Заңнамаға түзету енгізілгеннен кейін, тауарлы мурабаха исламдық банктердің банктік операциясымен танылады және оған исламдық банктердің клиенттері ҚҚС есебінен пропорционалды әдіс қолданылады. Мәселен, 2012 жылғы шілде айында Қазақстанның Даму банкі өңірде алғаш рет 240 млн. малайзиялық ринггит (76,7 млн. доллар) сомасына «Сукук «аль-Мурабаха» исламдық облигацияларын шығарды. Шығарылымның 62%-ын шетелдік инвесторлар сатып алды. Исламдық лизинг Немесе  иджара. Бұл құрал лизинг беруші меншігіне исламдық лизинг затын сатып алу тиістілігі жағдайында әдеттегі лизингтен ерекшеленеді. Және де осыдан кейін иджара шарты жасалады. Исламдық лизинг кезінде лизинг алушының кәсіпкерлік қызметінің саласы шектеледі. Жекелей алғанда, темекі, алкоголь өнімдері өндірісіне, құмар ойын бизнесіне байланысты кәсіпкерлік қызметке пайдалану үшін мүлікті лизингке беруге немесе алуға тыйым салынады және пайыз түрінде сыйақы алуға тыйы­м салынады. Исламдық лизинг ұйымдары үшін және басқа исламдық қар­­жылық институттар үшін ислам­дық қаржыландыру немесе сырт­қы сарапшылардың қағи­дат­тары бойын­ша Кеңестің болуына талап қою белгіленген. «Қар­жы­лық лизинг туралы» Заңға ен­гізілген түзетулер ұйым­дар­дың құқықтық негіздерін және ис­ламдық қаржыландыру қағи­дат­та­рына негізделген ли­зингтік опе­­рациялардың қызмет етуін белгілейді. ҚР Үкіметі мен Ұлттық Бан­к жүргізіп отырған жүйелі жұ­мыс республикада исламдық қаржыны дамыту және исламдық қаржы­лық хаб ретінде Қазақстанда қалыптасуын жақында Алматыда өткен Исламдық қаржыландыру қызметтері бойынша кеңестің 12-саммитінде (Islamic Financial Services Board – IFSB) қатысу­шы­лар жақсы қырынан бағалады. «ҚР Ұлттық Банкі қаржылық сектордың жүйелі мәселелері бойынша кешенді көрегендік танытуда, оның негізгі ере­жесі 2030 жылға дейін ҚР қар­жы секторын дамытудың тұжырымдамасында баяндалған, – деп атап көрсетілген Қазақ­станның Ұлттық Банкінде. – Оның ішінде исламдық қар­жыландыруды дамытудың мәсе­лелері де бар. Және біздің стратегиямызды Қазақстан Рес­публи­касының Үкіметі қолдады». Нацбанк-2 АХҚО қаржы орталығы: ең үздік әлемдік тәжірибеге сәйкес Үкімет пен Ұлттық Банк ұзақ мерзімді перспективаға «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру және дамыту бойынша бірлескен іс-әрекеттер жоспарын жүзеге асыруға кірісті. Ада ДЕМИНА. ЭКСПО-2017 жоғары технологиялы инфрақұрылым базасында айрықша  мәртебедегі АХҚО құру қажеттілігі туралы Президент Н.Назарбаев 2015 жылғы 29 сәуірде мәлімдеді. Осы мақсатта Астана қаласы маңындағы ЭКСПО-2017 халық­аралық мамандандырылған көрме аумағында «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру ұйғарылды. Орталықтың жоғарғы басқарушы органы етіп ҚР Президенті жанындағы АХҚО дамыту бойынша кеңесті тағайындау белгіленді. Аталған орган ұзақ мерзімді перспективаға орталықты дамы­тудың негізгі бағыттарын бекітіп, оны дамытуға ықпал ететін уәкілетті биліктің барлық органдарының қызметін үйлестіріп, іс-шаралардың жүзеге асырылу барысына бақылау жүргізетін болады. АХҚО-ны құру үдерісін жүргізуге байланысты Үкіметтің 2015 ж. 31 мамырдағы №393 қаулысымен ұзақ мерзімді перспективаға АХҚО құру және дамыту бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бірлескен іс-әрекеттерінің жоспары бекітілді. Аталған жоспар 2016-2025 жылдардағы кезеңге Орталықты дамытудың стратегиялық бағытының іс-әрекетін айқындайды, әр бағытты тиімді дамыту бойынша өзекті ұсы­нымдарды қалыптастырады, сондай-ақ барлық мүдделі тараптармен бірлесіп оны жүзеге асыру жөнінде егжей-тегжейлі іс-шараны ұсынады. «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру кезінде үлгі ретінде Дубай халықаралық қаржы орталығының құрылымы таңдап алынды. Дубайдың тәжірибесімен қатар Ұлыбританияның, Сингапурдың және АҚШ-тың ағылшындық-саксондық тәсілі үздік үлгі ретінде тиянақталып, әлемнің басқа жетекші қаржы орталықтарының тәжірибесі де зерделенді. Бұл жағдайда Дубай  АХҚО-тың негізгі серіктесі болады. Оны құру кезінде және одан кейінгі қызметінде де қолдау көрсетеді. «Астана» халықаралық қаржы орталығы бастапқы кезеңінде бір­неше өзекті стратегиялық бағыттар шең­берінде дамиды. Оның алғашқысы капи­талдың (capital markets) жергілікті рынокторын дамытуды көздейді. Оларды белсендендіру біріншіден, мемлекеттік қазынашылық облигацияларды шығаруға және орналастыруға ықпал етеді; екіншіден, жергілікті нарықта IPO квазимемлекеттік сектордағы компаниялардың ең тартымды инвестициялық жоспарына шығады. Әңгіме орналастырылған акциялардың кемінде 25% мөлшері туралы болып отыр. Және, үшіншіден, мүмкіндігі бойынша, - капиталдың қайталама нарығында белсенді ойыншы ретінде БЖЗҚ рөлін белсендендіру механизмін енгізу де бар. Екінші бағыт АХҚО аумағындағы жетекші халықаралық басқарушы компанияларды жергілікті ету ұлттық қорлардың қаржысын пайдалану есебінен активтерді басқару (asset management) бойынша нарықты және сараптаманы дамыту болып табылады. АХҚО-ны дамытудың үшінші стра­тегиялық бағыты жеке тұлғалардың (private banking) әл-ауқатын басқару болады, – деп Ұлттық Банкте атап көрсетілді. Ол активтерді басқару, жергілікті дәулетті жеке тұлғаларға қызмет көрсету бөлігі ретінде, сондай-ақ Орталық Азия елдерінен репарациялық төлемдерді және тартылған қаржыны басқару саласы бойынша бағытпен бірлесіп дамиды. Және төртіншісі, исламдық қаржыландыру (Islamic finance) нарығын құрудың маңызды бағыты және тәуелсіз исламдық бағалы қағаздар шығаруға жағдай жасау. Бұл бағыт елімізге құйылатын исламдық капитал ағынын ынталандыруды және дәстүрлі түрде толықтыруға баламалы банктік секторды дамытуды  қамтамасыз етеді. Баламалы инвестициялар класын (private equity finds – тікелей инвестиция қорлары, hedgefunds – хэдж қорлар және venture capital – еншілес капитал) дамыту ҮИИД мемлекеттік бағдарламасының жобасындағы өтімділікке және сараптамаға «құюға» мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Ұлттық Банк толыққанды халықаралық қаржы орталығын жүзеге асырусыз мүмкін болмайтын тағы бір маңызды аспектіні атап көрсетеді. Ол бүкіл әлемде танылған құқық стандартын енгізу турасында – АХҚО аумағында ағылшындық құқық тәртібін енгізіп тарату болып отыр. Дау-дамайларды қарау кезінде оны қолдану Қазақстанға шетелдік инвесторлардың сенімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Мәселен, Дубай  ағылшындық құқықты қолданудың табысты үлгісін көрсетіп отыр және оның тәжірибесі АХҚО құру кезінде пайдаланылуы мүмкін. Бұл бағытты дамыту үшін іс-әрекет жос­парында жетекші әлемдік орталықтар стандарттарының, іс жүргізуде ағылшын тілін пайдаланып ағылшын құқығы қағидаттары мен нормаларының, оның ішінде сот өндірісі стандарттарының негізінде АХҚО қатысушылары арасындағы қарым-қатынасты реттеуді қарастырады. Орталықта шетелдік соттарды, сондай-ақ АХҚО-қа Халықаралық төрелік  орталығын тартумен қаржылық сотын құру жоспарлануда. Аталған мәселеде АХҚО Дубай соттарының табысты тәжірибесіне сүйенетін болады. Бұл орталық БАӘ-де қабылданған заңдардан ерекшеленетін, азаматтық және коммерциялық құқықтың өзіне тән меншікті нормаларымен, ағылшындық құқық қағидаттарына негізделген тәуелсіз  заң шеңберінде жұмыс істейтіндігімен белгілі. «Астана» халықаралық қаржы ор­талығының шеңберінде қатысушылар, сондай-ақ АХҚО-қа қатысушы-қызметкерлер үшін бірқатар салық жеңілдіктерін енгізу ұйғарылған ол квота және рұқсат алусыз шетелдік жұмыс күшін тарту жөніндегі жеңілдіктерді көздейді. Орталықтың аума­ғында визаларды, жұмысқа рұқсат­тамаларды және басқа сұраныстарды беру кезінде «бір терезе» қағидатымен тіркеудің жеңілдетілген режімі енгізіледі. Іс-әрекет жоспары АХҚО-дағы реттеуші және салық төрелігін болдырмайды. Өйткені, қаржы индустриясында жаңа бағыт құрылады. Бұған дейін Қазақстанда ол дамыған жоқ еді және қаржы секторын толтырған емес. Бұл былайша айтқанда, баламалы қаржылық қызмет көрсету класы ретінде аталады. Олардың құрамында салық және заң консультанттары, халықаралық сыныптағы активтерді басқарушылар, жеке тұлғалардың әл-ауқатын басқарушылар болады. Қазақстандықтар да, сондай-ақ шетелдік ойыншылар да, инвестициялық және ис­ламдық банкинг те АХҚО қатысушылары бола алады. Бұған бөлшектелген банктер кірмейді. Орталықта баламалы инвестицияларды басқарушылардың, сондай-ақ жобаларды сүйемелдеу жөніндегі қызметтердің толық спектрін ұсынатын шетелдік заңгер­лік, аудиторлық және консалтингтік компания­лардың жұмыс істеуіне барлық жағдай жасау жоспарлануда. Іс-әрекет жоспары бірқатар логистикалық шараларды қарастырады. Жекелей ал­ғанда, Қазақстанның елордасымен авиа­қатынасты дамыту, «ашық аспан» қағи­даты бойынша шетелдік тасымалдау­шылар үшін Астана әуежайына әуе тасы­мал­дарының шарты кезең кезеңімен  ырық­тандырылады. Сонымен бірге, Біріккен Араб Әмірліктерінің, Малайзияның және Сингапур Республикасының азаматтары үшін мерзімі 30 күнге дейін визасыз режім енгізіледі. Орталықтың қызметкерлері, қатысушылары және олардың отбасы мүшелері үшін 5 жылға дейінгі мерзімімен арнайы визалық режім орнатылады. Енді АХҚО жұмысшылары мен бақы­лаушы органдары туралы айтудың реті кел­ген сыңайлы. Орталықтың қызметін және басқаруын қамтамасыз ету үшін DIFC Authority-ға тұрпатты АХҚО әкімшілігін,  сондай-ақ Dubai Financial Services Authority-ға ұқсас АХҚО қатысушыларының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті орган құру жос­парлануда. Нацбанк-4 Қолда бар ақшадан да сенімдірек Егер де шетелге демалысқа баруға жолға шықсаңыз, сізге банкирлер өзіңізбен бірге халықаралық жүйенің төлем карточкасын алып жүруге кеңес берер еді. Мұндай төлем жүйелерінің «Пластиктегі» Visa International, MasterCard Worldwide, American Express International қандай банкте және олар қандай елде шығарылғанына қарамастан әлемнің барлық нүктелерінде іс жүзінде қызмет көрсетіле береді. Алла ДЕМЕНТЬЕВА. Әрине, халықаралық резервтік валютадағы «қолда бар ақша» немесе жергілікті валютасы бар елде ол қажетіңізді қашанда өтейді. Мәселен, жергілікті базарда есеп айырысқанда, даяшыларға қызметі үшін үстеме ақша берсеңіз, такси немесе велорикша жүргізушісіне ақы төлегенде әбден жарайды. Дегенмен, зат сатып алатын болсаңыз, онда төлем карталарын жиірек пайдалану ұсынылады. Тәжірибе көрсеткеніндей, «қол­да бар ақшаның» қомақты сомасын алып шықсаңыз, әрине сізге тиімді болудың орнына, қауіптілігі жоғарылай түсетіні тағы бар. Сондықтан да, Қазақстан Рес­публикасының Ұлттық Банкінде шетелде демалыста болған кезіңізде төлем картасын пайдалануыңызға кеңес береді.  Бұл ретте алдымен қайда және қандай халықаралық төлем жүйелері көрсетілетінін күні бұрын анықтап алғаныңыз жөн. Сөз карточка үлгісін таңдау демалысқа шығушы адам қандай валютада оны пайдаланатынына байланысты. Егер, демалысты Қазақстанда өткізгіңіз келсе, онда төлем үшін карточканың түрін көрсетудің қажеті жоқ. Қолма қол валютадан карталардың артықшылығы мынада, кеденнен өтер кезде карточкадағы ақшаны декларациялау керек болмай қалады. Бұдан басқа, банктік шотты негізгі валюталар – теңгемен, ресей рублімен, доллармен, еуромен ашуға болады. Сатып алынған заттарды төлеу кезінде ақша барған елдің валютасына автоматты  түрде еркін айналыста болады. Әмияндағы карточка күтпеген түрлі жағдайда иесін сенімді  сезінуіне мүмкіндік береді. Мысалы, зат сатып алуға ақшаңыз жетпей қалды делік. Таныс емес қалада немесе бөтен елде қарызға валютаны дереу кім бере қояды әрі оны алу өте күрделі. Карточкаңыз болса түйткілді тез шеше аласыз. Туысқандарыңызға немесе таныстарыңызға хабарлассаңыз жеткілікті, олар карт-шотқа қажетті соманы аударып жібереді. Егер карта дебетті-кредиттік бол­ған жағдайда ғана бұл түйткіл ше­шіледі: қашанда өз банкіңізден  «қалауыңызша алуыңызға» болады. Мұндай артық­шылыққа  картаның қосымша «бонусы да» жатады: кейбір елдерде қызмет көрсетудің тізбелері бар, оны тек төлем карточкаңыз болса ғана ала аласыз. Мәселен, VIP-күту залдарының қызметтерін, авиабилеттерді брондау, автомобилді жалға алу. Шетелде картаны барынша тиімді пайдалану үшін, ҚР Ұлттық Банкі бірнеше қарапайым кеңес береді. Олар саяхатшыны кез келген күтпеген жағдайда қауіпсіздігін 100%-ға сақтауға көмектеседі:
  • Шетелде қаражатсыз қалмау үшін карточкаңыздың қолданыстағы мерзімін уақтылы тексеріңіз;
  • Телефон кітапшаңызға банкті қолдау қызметінің нөмірін жазып қойыңыз, онда кез келген пластиктің сыртқы бетінде жазу бар. Бұл карточкаңыз жоғалғанда немесе ұрланған жағдайда қажет. Егер мұндай оқиға орын алатын болса дереу банктің байланыс орталығына хабарласып, карточканы оқшаулаңыз;
  • Әртүрлі төлем жүйесінің екі карточкасы болуы ұсынылады. Бұл сізді белгілі бір төлем жүйесінің карточкасы бойын­ша немесе тек бір төлем жүйесіндегі карточкамен төлемді сауда және сервис кәсіпорны қабылдаған жағдайда операцияны жүргізуге мүмкін болмайтын техникалық жағдайда сақтандырады;
  • Егер де сіз картамен еш қиындықсыз есеп айырысатын озық еуропалық елге сапарлап бара жатсаңыз да, бәрібір өзіңізбен бірге қолма-қол ақшаның қажетті сомасын алғаныңыз жөн. Төлем жүйесі тарапынан да, сондай-ақ банк тарапынан да техникалық сипаттағы проб­лемалар туындауы ықтимал. Мәселен, нақты банкомат жұмыс істемей қалуы мүмкін;
  • SMS-банкинг қызметін міндетті түрде пайдаланыңыз, өйткені оның көмегімен өзіңіздің карточка бойын­ша барлық операцияларды жедел ба­қы­лай аласыз. Роумингтің болуы жағ­дайында SMS-банкингтің бүкіл опциялары Қазақстаннан сырт жерлерде де қолжетімді болады;
  • Екінші деңгейдегі әрбір банкте төлем карточкасын пайдалану кезінде рұқсат етілмеген (алаяқтық) транзакциялардың тәуекеліне тап болатын елдердің тізбесі бар. Бұл фродо-қауіпті елдер деп аталады. Сондықтан да төлем карточкасын ұстаушыға кез келген елге сапар шегер алдында өз банкіне барып, ол елдегі төлем карточкаларын пайдаланудың ықтимал шектеулері туралы ақпарат алу артық болмайды;
  • Белгілі бір жағдайларда қолма қол ақшаны пайдалану ыңғайлы, бірақ ыңғайына қарай саяхатшы тек карточканы қолданғаны жөн, өйткені уақыт үнемделеді әрі жұмысын тездетеді.