Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде Орталық Азия бойынша Дүниежүзілік банктің бас экономисі Кристос Костопулос пен «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-тың президенті Мақсат Мұқанов баспасөз мәслихатын өткізді. Онда Қазақстанның жаңа экономикалық саясатқа қадам басқаны мен теңгенің еркін айналымға шыққаны сөз болды.
Қазақстанның жаңа ақша-несие саясатына қадам басып, теңгені еркін айналымға жібергенін өз басы құптайтынын білдірген Дүниежүзілік банктің бас экономисі, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесіп емін-еркін әңгімелесуге мүмкіндік жасаған ОКҚ қызметкерлеріне алғысын білдірді. Сөйтіп, мұнай бағасының төмендеуі мен Қазақстан экономикасының даму үрдістері туралы бірнеше слайдтар әкелгенін, сондықтан сол дәлелдемелер бойынша сөз өрбітетінін айтты.
Қазіргі жаңа ақша-несие саясаты ұлттық кірістің шынайы төмендеуін ескереді. «Қазақстан Үкіметінің бұл өзгертулері екі жағдайға байланысты екені белгілі. Біріншіден, мұнай бағасының төмендеуі. Ол айтарлықтай деңгейге құлдырады. Бұл тек сіздердің елдеріңізді ғана емес, әлемдегі көптеген мемлекеттерге ұлттық валюталары бойынша түрлі шаралар қабылдауға міндеттеді. Екінші жағдай, Ресей мен Қытай экономикасының күрт өзгеруі. Олар Қазақстанның сауда-саттықтағы ең маңызды серіктестері болып саналады», деді К.Костопулос.
Маманның пікіріне жүгінсек, Ресей рублінің құлдырауы мен Қытай экономикасының даму қарқының төмендеуі Қазақстанды өз экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағытында шаралар қабылдауға итермелеп отыр. Мұнымен бірге, Қазақстанның жаңа ақша-несие саясаты ел экономикасы кірісінің шынайы төмендеуін ескеретіндігін айтып өтті. Десе де, мұнай бағасының нарықта орта мерзімді төмендеуінің күтілуі бұл саясатқа да түзету енгізуі ғажап емес екен. «Егер мұнай бағасын қаперге алар болсақ, теңгенің айырбас бағамы біршама төмен болуы тиіс. Сондықтан, бұл шара теңгенің еркін айырбас бағамы мұнай бағасы өзгерген кездегі нарықтағы баға емес, теңгенің бағасын өзгертуге бағытталған қадам. Ұлттық кірістердегі өзгерістерге орай экономика құрылымы да барынша бәсекеге қабілетті болуы үшін осылай өзгеріске ұшырауы қажет», деді бас экономист.
Көрші Ресей мен Қытай елдерінің экономикалық жағдайының тым күрделі болып тұрғанына тоқталған «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-тың президенті М.Мұқанов, қазіргі қиындықтардан шығудың жолы «100 нақты қадам» Ұлт жоспары екенін айтты. Оның ішінде отандық бизнесті қолдау шарасы үлкен маңызға ие екенін таратып берді. «Еуропаның дамыған елдерінің тәжірибесіне қарасақ, олар экономикалық дағдарыстардан жергілікті кәсіпкерліктерді қолдау арқылы шығып отырған. Әсіресе, бәсекеге қабілетті кәсіпорындардың бизнесін кеңейтіп, табысын ұлғайтуға мүмкіндік жасаған. Қазіргі әр тұтынатын тауарға бәсекелестік артып отырған заманда бұл шара өте тиімді екеніне дау жоқ. Сондықтан, Қазақстан да бәсекелестікке төтеп бере алатын кәсіпорындарды іріктеп, олардың еркін қимылдауына жағдай тудыруда. Бұл дегеніміз, жаңа жұмыс орындарының ашылуына септігін тигізіп, жұмыссыздар санының азаюына әсер етпек», деді ғалым.
Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ,
«Егемен Қазақстан».

Жасөспірімдер денсаулығына – елдік көзқарас
Қоғам • Бүгін, 08:15
Германия ядролық энергетикаға орала ма?
Әлем • Бүгін, 08:10
Ажырасу тәртібін қатаңдату қажет
Қоғам • Бүгін, 08:05
Қоғам • Бүгін, 08:00
Көрме • Бүгін, 07:55
Транзит әлеуетін арттыру мүмкіндігі
Саясат • Бүгін, 07:50
Қазақстан тарихының бесінші томы мақұлданды
Саясат • Бүгін, 07:48
Парламентаралық әріптестікті нығайтуға мүдделі
Саясат • Бүгін, 07:45
Каспий теңізінде бір түнде үш жер сілкінісі тіркелді
Табиғат • Кеше
Блогер Қайсар Қамза Вьетнамда ұсталды
Оқиға • Кеше
Шерхан Талап жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Астанада «Нұр шашу» халықаралық көрмесі ашылды
Мәдениет • Кеше
Еліміздің байланыс нарығы 380 млрд теңгеге жетті
Қоғам • Кеше