Елбасы көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Нұрлан Балғымбаевтың қайтыс болуына байланысты оның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Нұрсұлтан Назарбаев Н.Балғымбаевтың қайтыс болуына байланысты ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтты.
Жеделхатта мемлекеттік басқару және экономика саласындағы ірі қайраткердің бірі болған Н.Балғымбаевтың бар білімі мен тәжірибесін елдің өсіп-өркендеуіне арнағаны атап өтілген. Еңбек жолын мұнай саласында қарапайым жұмысшы болудан бастап, ұдайы оқып-ізденуі мен ұйымдастырушылық қабілеті арқасында биік белестерді бағындырды, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына дейін көтерілді. Бұл қызметті ол зор жауапкершілікпен атқарды.
«Өз Отаны мен халқын қалтқысыз сүйген Н.Балғымбаевтың болмысына қарапайымдық пен зиялылық, нағыз бекзаттық тән еді. Халқымыз оның есімі мен еңбегін ұмытпай, әрдайым қастер тұтатын болады», – делінген көңіл айту жеделхатында.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Кеше
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Кеше
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Кеше
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Кеше
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Кеше