15 Қазан, 2015

Ақтөбеде студенттік алма бағы ашылды (фото)

336 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
15-10-2015-Aktobe 04АҚТӨБЕ. 15 қазан. Ақтөбедегі Марат Оспанов атындағы мемлекеттік медицина университетінің №1 оқу корпусы аумағында жаңа студенттік алма бағы ашылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Мұнда осы жоғары оқу орнының студенттері алғашқы 120 түп алма ағашының көшеттерін отырғызды. Көшеттерді сатып алуға университеттің кәсіподақ комитетті қаржы бөліп, бағалы бастамаға қолдау көрсетті. Баққа отырғызылатын алма ағашының көшеттері жергілікті жерге бейімделген сұрыптар. Олар суыққа шыдамды, басқалай да ауа райының ерекшеліктеріне төзімді. «Бұл акция қоршаған ортаның жағдайын жақсарту мақсатында және тәрбиелік тағылымдық сипат алады. Студенттер жыл сайын жас ағаш көшеттерін отырғызатын және күтіп баптайтын болады деп жоспарлап отырмыз. Сонда университеттегі оқу мерзімінде әдемі алма ағаштары бой көтеріп, жемісін береді. Бәрінен бұрын бақтың сәні келеді. Көшетті отырғызған студент өзінің аты жазылған лента байлайды, көшеттің тамыр тартып, өсіп кетуін жауапкершілігіне алады. Бұл болашақ дәрігерлердің бойында оларға аса қажетті жауапкершілік сезімін қалыптастыруға ықпал етеді. Осылай студент тек өзі оқыған университет тарихына із қалдырып қана қоймай, қаланы көгалдандыруға да үлес қосады», – дейді университет кәсіподақ комитетінің төрағасы Жангелді Шаймыбетов. Сатыбалды Сәуірбай. Дерек, сурет: egemen.kz. 15-10-2015-Aktobe 01 15-10-2015-Aktobe 02 15-10-2015-Aktobe 03