АҚТАУ. 3 шілде. Маңғыстауда құрылыс саласына инвестиция 2,7 есеге ұлғайды. Бұл туралы bnews.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Құрылыс саласындағы ахуал жайлы Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ш.Ильмухамбетова мәлімдеген. Оның айтуынша, өңірде 2015 жылдың қаңтар-мамырында негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 121,6 млрд. теңгені құрап, өнеркәсіпте инвестицияның 24,8%-ға төмендегені байқалған. Құрылыста негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 2,7 есеге, көлік пен қоймада 2,3 есеге өскен. 2015 жылдың қаңтар-мамырында құрылыс жұмыстарының көлемі 41,5 млрд. теңгені құраса, күрделі жөндеу бойынша көлем 51,8%-ға, ағымдағы жөндеу бойынша 4,1%-ға азайған. Гүлайым Шынтемірқызы. Дерек: egemen.kz. Сурет: today.kz.
Экономика • 03 Шілде, 2015
Маңғыстауда құрылыс саласына инвестиция 2,7 есеге ұлғайды
Мемлекет басшысы мен Өзбекстан Президенті бейресми кездесу өткізді
Президент • Кеше
Қазақстанда негізгі ҰБТ-ға тіркелу басталады
Білім • Кеше
Мемлекет басшысы белгілі ғалымдарды марапаттады
Президент • Кеше
Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Кеше
Алматыда ғалымдар марапатталды
Ғылым • Кеше