24 Шілде, 2010

Ресей академиясының қазақстандық түлектері

470 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ресей ІІМ Волгоград акаде­мия­сында осы оқу орнын бітіру­ші­лердің кеші болды. 288 жас маман жоғары білім дипломы мен лейтенант шендеріне ие болды. Тү­лектер арасынан 21 маман Қа­зақ­станнан болса, соның екеуі Батыс Қазақстан облысынан. Академия Ресей Федерация­сын­дағы ең ірі оқу орындарының бірі бола отыра, таяу және шет­елде­гі құқық қорғау органдарының білікті мамандар жиынтығының маңызды қайнар көздерінің бірі болып табылады. Бұдан бес жыл бұрын Тәуелсіз Мем­лекеттер Достастығына қаты­сушылар ішкі істер органдары мен ішкі әскер кадрларын даярлау жө­нінде Мемлекеттік келісім жасаған болатын. Міне, биыл Қазақстан Республикасының ішкі істер ор­гандарына тұңғыш түлектер бітіріп шығып отыр. Олар – арнайы дайындық пен оқудан өткен 21 жас маман. Оларға тергеу аппара­тын­да, қылмысты іздестіру, эко­но­ми­калық қылмысқа қарсы күрес бөлімшелерінде, жедел-криминалистикалық бөлімшелерде қызмет етуге тура келеді. Оқу орнын ерекше дипломмен аяқтаған жеті қазақстандық түлек­тің аты-жөндері академия жар­ғы­сына сәйкес естелік тақтасына енгізілді. Ал, қалғандары “жақсы” деген бағамен аяқтады. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің атынан Батыс Қазақстан облысы ІІД бас­тығының кадр жұмысы жөніндегі орынбасары, полиция полковнигі Ермұрат Қамзин сөз сөйледі. Ол Ресей Федерациясының ІІМ Вол­гоград академиясының басшылы­ғы мен ұжымына Қазақстан Рес­пуб­ликасының ішкі істер орган­да­ры­ның қызметіне мамандар даяр­лаудағы еңбектері үшін алғысын білдірді. Фатихолла МАШТАҚОВ, полиция полковнигі. Батыс Қазақстан облысы.