АЛМАТЫ. 15 қазан. Тіл білімінің көрнекті қайраткері академик Рабиға Сыздықова өзінің ғұмыр бойы жинаған 1500-ге жуық кітап қорын Халықаралық Түркі академиясының кітапханасына тапсырды. Мұның сыртында ғалымның қолжазбалары мен архивтерден жинаған көне басылымдары, құнды құжаттардың фотокөшірмелері бар. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Салтанатты шараға ғалыммен бірге Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры Мырзаберген Малбақов, белгілі ғалымдар және Рабиға Сыздықованың шәкірттері мен жас ғалымдар қатысты.
Академияның кітапханасы былтыр белгілі мажар түркітанушысы Иштван Қоңыр Мандокидың жеке кітап қорын қабылдап алған. Сондай-ақ, қазақстандық белгілі ғалымдар Әбдуәли Қайдар мен Әлжан Құрышжанұлының да жеке кітап қорлары да Халықаралық Түркі академиясының кітапханасына табыс етілген болатын.
Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі білікті ғалым Рабиға Сыздықоваға түркі мұрасына қамқорлығы мен түркология ғылымының дамуына қосқан өлшеусіз үлесі үшін алғыс айтып, Халықаралық Түркі академиясының сертификатын табыс етті.
Талғат Сүйінбай.
Дерек, сурет: egemen.kz.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Кеше
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Кеше
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Кеше
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Кеше
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Кеше