АСТАНА. 16 қазан. Бүгін Катар астанасы – Доха қаласында өткен бокстан әлем чемпионаты мәресіне жетті. Бұл сында 69 килоға дейінгі салмақта ел намысын қорғаған боксшымыз Данияр Елеусінов пен аса ауыр салмақтағы (+91 кг) саңлағымыз Иван Дычко күміс медальге қол жеткізді. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Елеусінов финалда марокколық Мохаммед Рабиге есе жіберсе, Дычконың француз Тони Йокаға шамасы жетпеді. Сондай-ақ, Данияр келесі жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтетін Олимпиалық ойындарға жолдама алды. Осылайша, Қазақстан XVIII әлем чемпионатында екі күміс медаль және бір Олимпиада жолдамасын иемденді.
69 килоға дейінгі салмақтың финалдық жекпе-жегінде марокколықтың біздің боксшыдан басым болғанын мойындауымыз керек. Биылғы чемпионаттың басты жаңалықтарының бірі болған Мохаммед Раби Даниярдың атақ-даңқынан еш қаймыққан жоқ. Алғашқы секундтардан бастап алға ұмытылған ол бірінші және екінші раундтарда үш төрешіден де жоғары ұпай алды. Ал жекпе-жектің соңғы бөлігінде бір төреші қазақстандықтың жеңісін тіркегенімен, жалпы есепте африкалықтың мерейі үстем болды. Осы ретте Мохаммед Рабидің Мароккодан шыққан бокстан тұңғыш әлем чемпионы екенін атап өткен жөн.
Сонымен бүгінде Қазақстан қоржынында бокстан төрт жолдама бар. Елеусіновтен бөлек, боксшыларымыз – Біржан Жақыпов (49 кг), Берік Әбдірахманов (60 кг) және Василий Левит бұған дейінгі жарыстарда жолдамаға қол жеткізген болатын.
Айта кетейік, Қазақстан Катарға сегіз боксшы алып барды. Қайрат Ерәлиев (56 кг) пен Зәкір Сафиуллин (60 кг) алғашқы жекпе-жектерінде есе жіберсе, Олжас Сәттібаев (52 кг), Жәнібек Әлімханұлы (75 кг), Әділбек Ниязымбетов (81 кг) және Василий Левит (91 кг) ширек финалдан аса алмады. Осыған дейінгі 2013 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатында боксшыларымыз 4 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль еншілеп, командалық есепте топ жарған еді. Сол кезде Данияр әлем чемпионы атанып, Иван финалда сүрінді.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: vesti.kz.
• 16 Қазан, 2015
Елеусінов пен Дычко әлем чемпионатының күміс жүлдегерлері!

Спорт • Бүгін, 08:15
Қазақ сахнасындағы француз туындысы
Өнер • Бүгін, 08:10
Олимпиада • Бүгін, 08:00
Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше