теңге пара алған шенеунік сотталды
«Қолыңнан келсе, қонышынан бас» дегенді қызметтік ұстанымына айналдырған шенеуніктер қатты қателесетінін білмейді-ау, сірә! Әйтпесе, мемлекеттің мүддесінен өз мүддесін жоғары қоймас еді. Қу құлқынның қамымен қалтасын толтыру үшін оңай жолмен ақша табуды ойламас еді. Бұған нақты дәлел ретінде облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының шетелдік жұмыс күшін тарту бөліміне жетекшілік ететін шенеуніктің жат әрекетін келтіруге болады.
Атырау қалалық №2 сотында қаралған қылмыстық іс материалдарында анықталғандай, бөлім басшысы мемлекеттік қызметті жүзеге асырушы өкілетті тұлға бола тұра «МНСК Синопек Қазахстан» ЖШС өкілінен шетелдік жұмыс күшін пайдалану мен оның мерзімін кедергісіз ұзартуға рұқсат бергендігі үшін 777 000 теңге пара алған. Сот үкімімен ол Қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-бөлігінде (Пара алу) көрсетілген қылмыстық әрекетті жасағандығы үшін кінәлі деп танылып, оған төрт жылға бас бостандығынан айыру, дүние-мүлкін тәркілеу және өмір бойы мемлекеттік қызметпен айналыспау жазасы тағайындалды. Жаза өтеу орны жалпы режімдегі колониясына белгіленді» деп хабарлады облыстық соттың баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиев.
Қылмыстың өтеуі – жаза. Мұның өзге мемлекеттік қызметкерге сабақ болғанын қалар едік.
Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,
«Егемен Қазақстан».
АТЫРАУ.

Спорт • Бүгін, 08:15
Қазақ сахнасындағы француз туындысы
Өнер • Бүгін, 08:10
Олимпиада • Бүгін, 08:00
Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше