Мақта өсіруімен айналысатын ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы көктемгі дала жұмыстарына 500 млн. теңге бөлінді.
«Ауылшаруашылық қаржылай қолдау қоры» АҚ мақта өсірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін несиелендіруге «Ырыс» шағын қаржы ұйымына 500 млн. теңге бөледі.
Бұл – қор мен «Ырыс» ШҚҰ арасындағы төртінші келісім. 2012-2014 жылдар аралығында қор «Ырыс» ШҚҰ-ға жалпы сомасы 1,5 млрд. теңге үш рет қарыз берді. Шағын қаржы ұйымы бөлінген қаржыны толық игеріп, қорға уақтылы қайтарды. Жүргізілген жұмыстың арқасында 1 865 адам несие алып, 2012 жылы – 11 665 га, 2013 жылы – 1 743 га, 2014 жылы 11 871 га жерге мақта егілді.
Өткен жылы қор «Ырыс» шағын қаржы ұйымына несиелеу желісін ашып, 500 млн. теңге көлемінде 2 транш аударған болатын. Бұл қаржыға 517 түпкі қарыз алушы шағын несие алып, кесте бойынша қарызды толығымен қайтарды.
Шағын несиелер түпкі қарыз алушыларға жанар-жағармай, дән, пестицид, минералды тыңайтқыш, шаруашылық материалдар мен құрал-жабдықтар, ауылшаруашылық техникасының қосалқы бөлшектері мен толымдаушылар, жұмыс механизмдерін сатып алуға, техника, қоймаларды жалға алу, қызметтерге төлеу, өнімді сақтау және т.б. мақсаттарға беріледі.
«Егемен-ақпарат».