АСТАНА. 15 қазан. Жамбыл облысының Мерке ауданында тауарлар контрабандасымен айналысқан трансұлттық қылмыстық топтың мүшелеріне қатысты үкім заңды күшіне енді. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
Бас прокуратураның арнайы прокурорлары тергеген осы қылмыстық іс бойынша құрамында 4 шекара қызметкері бар Қазақстан мен Қырғызстанның 22 азаматы сотқа берілді, олар шекара арқылы халық тұтынатын тауарларды заңсыз тасымалдаған. Осы топты биылғы сәуір айында 14 жүк автокөлігімен шекараны заңсыз кесіп өткен кезде шекара қызметі ұстады.
Сараптама қорытындысы бойынша, халық тұтынатын тауарлардың кедендік құны 162 млрд. теңгені құрады. Контрабандалық тауарлардың барлығына тыйым салынды.
Үш айдан астам уақыт бойына бірінші сатыдағы сотта екі прокурор мемлекеттік айыптауды қолдап, ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің кінәсін дәлелдеді.
Мамандандырылған ауданаралық әскери соттың 2015 жылғы 24 шілдедегі үкімімен сотталушылар әртүрлі мерзімдегі жазаға сотталды. Заттай айғақ ретінде танылған халық тұтынатын тауарлары бар 14 жүк автокөлігі мемлекет кірісіне тәркіленді.
Айдар Өрісбаев.
Дерек, сурет: Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Кеше
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Кеше
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Кеше
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Кеше
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Кеше