04 Шілде, 2015

«Жастар үні» ұлт руханиятына үн қосады

531 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Астана күніне орай, елорда әкімдігі және Тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен «Жастар үні» акциясы өткізілді. Іс-шараның мақсаты − елінің болашағы өз қолдарында екенін жас ұрпақтың санасына сіңіру, жастар арасындағы бірлікті нығайту арқылы қазақ тілінің мәртебесін арттырып қана қоймай, қолданыс аясын кеңейту. Қазақтың төл мәдениетінің жаңғыруына сеп­тігін тигізетін бұл жобаның жастар арасын­дағы салмағы зор болып отыр. «Тәуелсіздігіміздің символы іспетті болған Астана барлық жеткен жетістіктеріміздің көрсеткішіне айналды. Ол тек әсем ғимарат­тармен шектелмейді, ол бойымыздағы отан­шылдығымыз бен қазақи рухымызды, тіліміз мен дәстүрімізді құрмет тұтуымызда. Әрбір қазақтың бойында осындай қасиеттер тұнып тұрғанда тәуелсіздігіміз мәңгі баянды болады», дейді өнерлі өрел, қоғам қайраткері Бекболат Тілеухан шара барысында. Жыл сайынғы дәстүрге айналған бұл іс-шарада «Домбыра кеші» ұйымдастырылып, жастар арасында ұлттық өнер ұлықталды. Сонымен қатар, Қазақстанның танымал эстрада жұлдыздары ашық аспан астында өнер көрсетіп, мереке қарсаңында көпшілікке тамаша көңіл күй сыйлады. Динара ДОСПАН.