Кеше Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың төрағалық етуімен министрліктің орталық аппаратының, өңірлік ішкі істер департаменттерінің, ведомстволық оқу орындарының басшылық құрамы қатысқан алқа отырысы өтті.
Отырыста ішкі істер органдарының 2015 жылдың 9 айындағы жедел-қызметтік жұмыс қорытындысы, сондай-ақ, Мемлекет басшысының жергілікті полиция қызметін құру және оның қызметін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын іске асыру бойынша шаралар қаралды. Соған сәйкес жергілікті полиция қызметінің бөліністерін құру және олардың жұмыс істеуі мәселелері ортаға салынды. Бұдан басқа 2015-2017 жылдарға арналған бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомстволық бағдарламаны іске асыру барысы талқыланып, жедел-қызметтік жұмыстың кемшіліктерін жою және жандандыру, ұрлықтың алдын алу және ашу тиімділігін арттыру бойынша шаралар кешенін қабылдау міндеттелді.
Сонымен қатар, алқа барысында, тәрбие жұмысын жетілдіруге, ішкі істер органдарының кадрлық әлеуетін арттыруға, жеке құрам арасында қатаң тәртіпті қамтамасыз етуге, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге назар аударылды. Алқа отырысының қорытындысы бойынша министрліктің орталық аппараты қызметтерінің және өңірлік департамент басшыларына нақты тапсырмалар берілді, деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Кеше
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Кеше
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Кеше
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Кеше
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Кеше