«Біздің жақта қыс ұзақ» деп жазушы Оралхан Бөкей жазғандай, асқаралы Алтайдың жаздыгүні қыз ғұмырындай азғана уақыт атқа мінетіні, алыс-жақыннан келгенді көркем келбетімен тамсандыратыны болмаса, алты айы қар басқан қыс, қала берді жауынды-шашынды, тұманды, сұрғылт кейіпте тұратын табиғаты қатқыл өлке екенін катонқарағайлықтардан өзге жұрт түсіне, түсінсе де, түйсіне бермейді. Сондықтан қабағы қатулы табиғатпен арпалыса жүріп, атамекеніне адалдық танытып, адал кәсібін дөңгелетіп жүргендерді көрсеңіз, сүйсінбеске әддіңіз қалмайтыны да рас. Сондай еңбекқор жандардың бірін қос қапталдағы сеңгір таулардың ортасында ирелеңдеп жатқан ұзақ жолдың бойынан кездестіресіз. Бұл азаматтың есімі – Қайырды Дүйсенбаев. Өскемен мен Рахман қайнары арасындағы 400 шақырымдық республикалық тас жолдың бойында өзегі талып келе жатқан жолаушыны дәм-тұзымен қарсы алатын Қайырды Сүлейменұлы биыл «Тұран» атты дәмхана ашыпты. Келіншегі Сандуғаш Сексенбайқызы қолы-қолына жұқпай дәмді ас пісіріп, шілденің шіліңгірінде де қоңырсалқын болып тұратын тау алқымында тоңып келе жатқан жолаушының қолына жылы суын құйып, таза сүлгісін ұсынып, отағасына қолғабыс етіп отыр.
Қайырдының қажыр-қайраты барша ауылдастарына үлгі десе де болады. Ол бұрын Семей қаласына жылқы сатумен шұғылданған екен. Әр барған сапарынан түскен қаржысына өзіне бір тайдан сатып алып жүріп, үйірлі жылқының басын құрапты. Қазір Өрел ауылындағы «Алғабас» шаруа қожалығының жетекшісі болып отырған жігіт ағасының қожалығында 60 бас жылқы, 200-ден астам қой, 20 ірі қара бар. Алтайдың қойнауындағы ырыздығы – ұзақ жылғы тынымсыз жүрістің, еңбектің өтеуі. Алтайдың қымызы өтімді ас қой. Қайрекең де 10 биесін сауып, саумалы мен қымызын ұсынады. Тәулігіне 80 литр қымыз шайқайды екен. Литрі 300-400 теңгеден өтетін қымыз ауылды жерде кәдуілгідей кіріс. Сарытетен тауындағы Прометей деген жерде қыстағы бар. Төрт түлігі 15 шақырым жерде орналасқан сол қыстақта. Кезінде «Прометей» деген студенттердің құрылыс бригадасы салғаннан кейін қыстағы да солай аталып кеткен көрінеді.
Шаруасын шатқаяқтатпай ұстап тұру бір бөлек те, оны өрістету де тәуекелді қажет етеді. Қайырды жол бойындағы шағын дәмханасының құрылысын былтыр бастаған екен. Биыл жыл басынан бері жұмыс істеп жатқан жобаның жалпы құны 5,5 млн. теңгеге түсіпті. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы 3 млн. теңгелік жеңілдетілген несие қаражатына қол жеткізуі ойға алған жұмысын ілгерілетуіне әжептәуір қолдау болғанын айтады. Ауыл кәсіпкері аталған несиені бес жылда өтемек. Шағын нысанның атауы зор екеніне назар аудардық. Атауды бұлай қоюында да гәп бар екен.
– Бұл жерде ата-бабаларымыз – көне түркі халықтары, сақтар мекендеген. Олар «Тұран» атты алып империя құрғанын білесіздер. Мен де отбасылық кәсібімнің іргесін кеңейтуді мақсат еткендіктен, дәмханамды ырымдап «Тұран» атауымен атадым, – деді Қайырды.
Дәмхана 40-қа жуық адамға бір мезетте қызмет көрсете алады. Жалпы көлемі 100 шаршы метрді құрайтын кешенге күніне орта есеппен 30-дан астам жолаушы келіп, түстенеді. Шындығытай мен Өрелдегі шекарашылар, ауыл жастары, туристер, әрі-бері өтіп жатқан жолаушылар да жиі келеді. Қажетті азық-түлік қоры Өскемен мен Зырян қалаларынан тасымалданады. Осылайша, шаруа қожалығы мен дәмхана арқылы қиырда жатқан ауылда бес жұмыс орнын ашып отырған Қайырды Дүйсенбаев алдағы уақытта жол жанынан қонақүй құрылысын жүргізуді жоспарлап отыр. 12-15 адамға арналған шағын қонақүй ағаштан салынбақ. Сонымен бірге, жанармай құю бекеті мен техникалық жөндеу орталығын ашу да ойында бар. Қайырдының қажырлы қимылына қарап қияндағы тау қойнауында да, алыстағы ауылда да кәсіпкерлікпен шұғылдануға болатындығын түйсінуге болады.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
Шығыс Қазақстан облысы,
Катонқарағай ауданы.

Қоғам • Бүгін, 21:50
Астанада «Болашақ ойындары 2026» турниріне волонтёрларды іріктеу басталды
Елорда • Бүгін, 20:55
Алматы – Шаңхай бағытында жаңа тікелей әуе рейсі ашылды
Қоғам • Бүгін, 19:48
Қазақстан IT-қызметтердің экспортынан 1 млрд доллардан астам табыс тапты
Технология • Бүгін, 18:33
Бейбіт Әбдікен: Бұл марапат ғылымның мемлекет үшін маңызын көрсетеді
Ғылым • Бүгін, 18:00
«Қазақтың Моника Беллуччиі» атанған полицей зейнетке шықты
Қоғам • Бүгін, 17:55
Қалдықтан қазына сүзген: Отандық металлургияның жаңа белесі
Ғылым • Бүгін, 17:50
Next Generation Youth Forum 2026: Астанада жас логистер форумы өтті
Форум • Бүгін, 17:48
Теңге нығайып, доллар әлсіреді: Нарыққа әсері қандай?
Қаржы • Бүгін, 17:40
Ербол Тұяқбаев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:40
«Таза өлке – Ақкөл»: Экологиялық акция аясында қала аумағы тазартылды
Аймақтар • Бүгін, 17:38
Жас ғалым Асия Ермухамбетова «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады
Ғылым • Бүгін, 17:35
Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 17:25
Қазақстан IT-экспортында жаңа рекорд орнатты: 1,1 млрд доллар межесі еңсерілді
Технология • Бүгін, 17:08
Астанада бірқатар көшеде қозғалыс шектеледі: Полиция жүргізушілерге үндеу жасады
Елорда • Бүгін, 16:55