Кеше Астанада Қазақстан Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Қазақ хандары» атты тарихи-танымдық кітаптың таныстырылу рәсімі өтті.
Қалың көпшілікке ұсынылып отырған кітапта еліміздің тарихы, Керей мен Тәуке хан аралығындағы 17 ханы туралы қысқаша әрі баршаға ұғынықты тілмен жазылған. Аталған басылым жалпыға ортақ қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жарық көріп отыр екен. Ғылыми еңбектің бір ерекшелігі дәстүрлі соқпақпен емес, жаңашыл жолмен оқырман қауымға жол тартқанын баса айтсақ дейміз.
«Бұл таза ғылыми монографиялық еңбек емес. Керісінше, көпшілікке түсінікті болу үшін жазылған ғылыми танымдық дүние. Әсіресе, жинақтың дизайнына ерекше назар аударылған. Ішіндегі суреттердің барлығы еліміздің орта ғасырдағы кезеңінен жан-жақты көрініс береді. Тарихи еңбектер ақтаңдақ жылдардың шындығын ашып қана қоймай, кейінгі ұрпаққа түсінікті болуын да басты назарда ұстады», дейді кітап авторы, тарих ғылымдарының докторы Берекет Кәрібаев.
«Кітап жарыққа шыққаннан кейін бізге Польша мен Болгариядан хабарласып, оны сатып алуға тапсырыс берді. Сонымен қатар, Польша тарапы оны өз тілдеріне аударуға ниет білдірді. Біз қазір бұл еңбекті өз тарапымыздан қытай тіліне аударуға ниеттеніп отырмыз. Мұнымен қоса, шетелдегі қандастарымыз үшін кітапты төте жазумен шығаруды да қарастырудамыз. Қазірдің өзінде сұраныс көп болғандықтан кітаптың таралымын арттыру жоспары бар», – деді «Сардар» баспа үйінің директоры Әділ Қойтанов.
Шебер қолмен безендірілген кітап барлық жастағы оқырманды қызықтырары сөзсіз. Сондай-ақ, ұстаздар мектеп бағдарламасына қосымша құрал ретінде пайдалануға да болады. Жыл соңына қарай профессор Б.Кәрібаев Қазақ хандығы туралы тағы екі томдық зерттеу еңбегін жарыққа шығаруды жоспарлап отырған көрінеді.
Динара ДОСПАН.

Қазақстанда негізгі ҰБТ-ға тіркелу басталады
Білім • Бүгін, 15:46
Волейболдан Қазақстан чемпионатының плей-офф матчтары «Барыс Аренада» өтеді
Спорт • Бүгін, 15:43
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Бахауддин Нақышбанди мемориалдық кешеніне барды
Президент • Бүгін, 14:39
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды
Президент • Бүгін, 14:22
Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында ғылыми онкүндік өз жұмысын қорытты
Ғылым • Бүгін, 13:31
Мемлекет басшысы белгілі ғалымдарды марапаттады
Президент • Бүгін, 12:33
«Ұстаз-блогер» Нұржан Смағұлов жауапкершілікке тартылды
Қоғам • Бүгін, 12:13
Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 11:38
Алматыда ғалымдар марапатталды
Ғылым • Бүгін, 11:02
Қалдықты кәсіп көзіне айналдырды: Ауыл тұрғыны ерекше экологиялық жобаны іске асырды
Қоғам • Бүгін, 10:10
«Травиата» тағы да таңғалдырды
Театр • Бүгін, 09:55
Өнер • Бүгін, 09:50
Жәдігер • Бүгін, 09:45
Бокс • Бүгін, 09:40
Мирас • Бүгін, 09:35