Алатау бөктеріндегі алып шаһар егемендіктің куәсі, тәуелсіздіктің тірегі. Елдігіміздің іргесі қаланған мекен. Тәуелсіздік туралы декларация қабылданған қала да – Алматы. Елбасымыз айтқандай, «Алматы – қазақ мемлекетінің алтын бесігі».
Кезінде ел арасында «Алматы – бас қалам, Астана – жас қалам», – дегенді көп еститінбіз. Жас қала дейміз-ау. Сол Сарыарқаның сары белінде Қанжығалы қарт Бөгенбай елінде ұлан-байтақ қазақ жерінің қасиетті орталығындағы жас Астана – бүгінде Отанымыздың күретамырына қан жүгіртетін, сәулетті де, қуатты қалаға айналғанын көз көріп отыр.
Тарихқа көз жүгіртсек, 1994 жылы Қазақстан Республикасы Парламентінің отырысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы ұсыныс жасап, кейіннен 1997 жылы қазанның 20-ында астананы ауыстыру туралы Жарлыққа қол қойған болатын. 1998 жылы мамырдың 6-да Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгерді.
Сол бір тұста Астана қаласының болашағына күмәнмен қарағандар болмады емес, болды. Алайда, Мемлекет басшысы жасаған батыл шешім ел сенімін ақтады. Аз уақыттың ішінде Елбасымыздың төл туындысы Астана қаласы жаңа бір мәдени-ғылыми һәм саяси-экономикалық алып орталыққа айналды. Елорда әлемге танылды және елімізді әлемге танытты. Жер-жаһанның басшылары жиі бас қосатын, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі сынды әлемдік іс-шараларды өткізетін деңгейге жетті.
Алматы мен Астана егіз ұғым. Бірі Алатаудың бөктеріндегі, ал екіншісі сайын дала – Сарыарқаның төсінде күн санап гүлденіп, өркендеп келе жатқан Қазақстанның серпінді дамуының жарқын бейнелері іспеттес.
Биыл елдігіміздің нышаны, абыройымыздың айғағы саналатын Елордамыз 17-ші рет «туған күнін» атап өтіп отыр.
Бұл күллі қазақстандықтар үшін ортақ мереке екені анық.
Жанна ДОСАНОВА,
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы.
АЛМАТЫ.

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері жасанды интеллект хакатонына барды
Президент • Бүгін, 17:38
Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи құжатты тапсырды
Президент • Бүгін, 17:23
Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттерінің басшылары Бұхарадағы Ахуалдық орталыққа барды
Президент • Бүгін, 17:05
Шымкентте балық шаруашылығын технологиялық жаңғыртудың жаңа бағыттары айқындалды
Аймақтар • Бүгін, 16:55
Мемлекет басшысы мен Өзбекстан Президенті бейресми кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:03
Қазақстанда негізгі ҰБТ-ға тіркелу басталады
Білім • Бүгін, 15:46
Волейболдан Қазақстан чемпионатының плей-офф матчтары «Барыс Аренада» өтеді
Спорт • Бүгін, 15:43
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Бахауддин Нақышбанди мемориалдық кешеніне барды
Президент • Бүгін, 14:39
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды
Президент • Бүгін, 14:22
Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында ғылыми онкүндік өз жұмысын қорытты
Ғылым • Бүгін, 13:31
Мемлекет басшысы белгілі ғалымдарды марапаттады
Президент • Бүгін, 12:33
«Ұстаз-блогер» Нұржан Смағұлов жауапкершілікке тартылды
Қоғам • Бүгін, 12:13
Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 11:38
Алматыда ғалымдар марапатталды
Ғылым • Бүгін, 11:02
Қалдықты кәсіп көзіне айналдырды: Ауыл тұрғыны ерекше экологиялық жобаны іске асырды
Қоғам • Бүгін, 10:10