ҚОСТАНАЙ. 16 қазан. Қостанайдағы жаңадан түсіп жатқан Солтүстік Батыс шағын ауданындағы таунхаустан Қостанай облыстық ішкі істер департаменті бастығының Audemars Piguet, Zenith, Clerc, Breguet, Ulysse Nardin, Frederique Constant және Longines маркалы сағаттар коллекциясы ұрланғаны, олардың әрқайсысы 500 доллар тұратындығы жөнінде ақпараттар тараған болатын. Алайда, облыстық ішікі істер департаментінің баспасөз қызметі сағаттардың генерал Тілеген Мәткеновке ешқандай қатысы жоқ екенін хабарлады. Ұрлықтан зардап шеккен басқа кәсіпкер екен. Бұл туралы alau.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Полицияның баспасөз қызметі ұрланған бағалы сағаттар Тілеген Мәткеновтыкі еместігін, ол үйді генерал жаз айларында жалдағанын айтты. Полицияға Мәткенов арыз берген жоқ, басқа кәсіпкер шағымданған. Бірақ баспасөз қызметі кәсіпкердің атын атамайды. Сонымен қатар кәсіпкер әлгі сағаттардың барлығын қосқанда құны 300 мың теңге болатынын да айтқан. Кәсіпкердің айтуына қарағанда, сағаттар таза бренд емес, жасанды көшірме ғана. Генерал Мәткенов осыдан үш ай бүрын әлгі таунхаустан көшіп кетеді. Ол жалға тұрған кезде үйге тіркелген және телефонды өз атына жаздырған. Бірақ көшіп кеткеннен кейін телефонды қайта рәсімдеуді ұмытып кеткен. Жақында генерал Тілеген Мәткенов журналистердің алдына шығып, жағдайдың қалай болғанын өзі айтып бермек екен.
Айта кететіні, соңғы уақытта Қостанайда ұрлық өршіп кетті. Қазан айының алғашқы екі аптасы ішінде облыста 203 ұрлық орын алған. Соның ішінде 4 ірі ұрлықтан келген зиян бір миллион теңгені құрайды. Олардың ісін Тілеген Мәткенов өзінің жеке бақылауында ұстап отыр.
Нәзира Жәрімбеова.
Дерек: alau.kz.
Сурет: ng.kz.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Кеше
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Кеше
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Кеше
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Кеше
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Кеше