Ханой қаласында Қазақстан Республикасының Вьетнамдағы елшілігі Вьетнам Әлеуметтік ғылымдар академиясымен бірлесіп «Қазіргі кезеңдегі Қазақстан. «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты» атты ғылыми-практикалық конференция өткізді.
Іс-шараға Вьетнам Сыртқы істер министрлігінің, Өнеркәсіп және сауда министрлігінің, Сауда-өнеркәсіп палатасының өкілдері, Вьетнамның түрлі даму институттарының жетекшілері, ТМД елдерінің және Еуропаның даму мәселелерін зерттейтін вьетнамдық ғылыми зиялы қауым мен сарапшылар қоғамдастығының өкілдері шақырылды.
Қазақстан елшісі Бекетжан Жұмаханов конференция қатысушыларын еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы негізгі жетістіктерімен таныстырды. Елші өз сөзінде Елбасының «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына Жолдауына ерекше тоқталып, күрделі жаһандық геосаяси ахуалмен, қаржы-экономикалық дағдарыс салдарымен байланысты жаңа қауіп-қатерлерді тиімді еңсеруге бағытталған Қазақстанның басым бағыттарын атап өтті.
Дипломат баяндамаларында Қазақстан басшылығының маңызды сыртқы саяси бастамалары мен еліміздің халықаралық сахнадағы белсенділігі, Қазақстанның өңірлік және халықаралық тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту, соның ішінде ядролық қарусыздану мен таратпау саласына қосқан үлесі туралы мәлімет берді.
Конференция аясында Қазақстан-Вьетнам қатынастарын сауда-экономикалық және инвестициялық салаларда кеңінен дамыту мүмкіндіктері туралы ақпарат пен бейнероликтер ұсынылды. Вьетнам сарапшылар қауымдастығына «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясатын жүзеге асыру аясында бизнес үшін ашылатын мүмкіндіктер, атап айтқанда, Қазақстанның көліктік, индустриялық және энергетикалық инфрақұрылымдарын дамыту стратегиялық жоспарын іске асыру, сондай-ақ, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін дайындау және оны өткізуге қатысу жөнінде хабарланды.
Конференцияны қорытындылай келе, ВСР Әлеуметтік ғылымдар академиясының вице-президенті профессор Нгуен Куанг Туан Қазақстанның қазіргі таңдағы жетістіктерін жоғары бағалап, Қазақстандағы тұрақтылықтың маңыздылығын және Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың Жолдауының уақыттылығын атап өтті. Еуропалық зертеулер институтының директоры профессор Нгуен Ан Ха елдеріміз арасындағы екіжақты байланыстарды жандандыру мен сауда-экономикалық қатынастарды саяси ынтымақтастық деңгейіне жеткізу қажеттілігін атап өтті. Сонымен бірге, конференцияға қатысушылар Елбасы Жолдауының өзектілігіне назар аудара отырып, осы құжатта баяндалған әртүрлі салаларды дамытудың перспективаларын және экономикалық тиімділігін жоғары бағалады.
Конференция барысында қатысушыларға Елбасының вьетнам тілінде шыққан «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы, экономика және ЭКСПО-2017 көрмесі туралы бейнероликтер, сондай-ақ, Қазақстан туралы түрлі имидждік үлестірме материалдары таратылды.
«Егемен-ақпарат».

Ұлытау облысында жаңа цифрлық «Smart Point» ХҚКО ашылды
Аймақтар • Бүгін, 13:42
NVIDIA мен LG адам тәрізді роботтар жасайды
Технология • Бүгін, 13:35
Жапонияда цунами қаупіне байланысты 181 мыңнан астам адам эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 13:18
Алматыны шулатқан шетелдік жасөспірімдер Астанада жүр ме? Полиция жауап берді
Қоғам • Бүгін, 13:06
Арыста мас жүргізуші жүкті әйел мен екі баланы қағып өлтірді
Қоғам • Бүгін, 12:51
Әл-Фараби даңғылындағы апат: жәбірленуші тарап кінәліге кешірім берді
Оқиға • Бүгін, 12:44
Оралда әкесінің көлігін айдап кеткен жасөспірім жол апатына ұшырады
Қоғам • Бүгін, 12:27
Қызылорда облысында жоғалып кеткен 6 жасар қыздың мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 12:20
Түркістан облысының прокуроры тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 12:12
Германияда канцлерді әлеуметтік желіде қорлағандарға айыппұл салынды
Әлем • Бүгін, 12:02
Жоқ тауарды сатқан: Елімізде тағы бір қаржы пирамидасының қызметі тоқтады
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:55
Астанада көпшілік серуендейтін орынға көлікпен кіріп кеткен жүргізуші жазаланды
Елорда • Бүгін, 11:41
Қарағандыда қайта қылмыс жасаған әйелге рақымшылық жасалмады
Заң • Бүгін, 11:25
Ұландықтар LRT станцияларында қоғамдық тәртіпті күзетуге кірісті
Қоғам • Бүгін, 11:18
Футболшы Илья Буртовой жол апатынан қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 11:05