АҚТӨБЕ. 16 қазан. Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетіне қарасты Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясы ең үздік инспекторлар анықтайтын байқау ұйымдастырды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Байқауда аумақтық инспекцияның өсімдіктерді қорғау, карантин, астық және асыл тұқымды мал шаруашылығы салаларында еңбек ететін инспекторлары сайысты. Үздік инспектор байқауына облысымыздың аудандарынан барлығы 40-қа тарта инспектор қатысты. Облыстық аумақтық инспекция басшысының орынбасары Ерлан Орынбаевтың айтуынша, үздік инспекторлар байқауын өткізудегі мақсат — олардың өз саласын қаншалықты жетік меңгергенін, жұмыстарын қалай орындайтынын анықтау болып табылады.
Инспекторлар алдымен тест сұрақтарына жауап беріп, өз білімдерін дәлелдеді. Сонан соң кәсіби біліктіліктерін дәлелдейтін тәжірибелік сұрақтардың шешімін тапты. Ал үшінші кезеңде алқа мүшелері қойған жалпы сұрақтарға жауап берді. Жоғарыда аталған төрт сала бойынша үздік деп танылған инспекторлар Астана қаласында өткізілетін республикалық байқауда облысымыздың намысын қорғайтын болады.
Сатыбалды Сәуірбай.
Дерек, сурет: egemen.kz.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Кеше
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Кеше
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Кеше
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Кеше
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Кеше