22 Мамыр, 2015

Алматы халқы 5 жасар Кәусармен қоштасты (фото)

406 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
22.05.2015-Kausar 1АЛМАТЫ. 22 мамыр. Балабақшаға төтеннен ұрынған джип көлігінің құрбаны болған Кәусар есімді бес жасар бүлдіршін жер қойнына тапсырылды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Қала халқы әлі күнге дейін осынау жантүршігерлік оқиғаның мәнісін түсіне алмай, жағасын ұстап жүр. Оқиға болған Сүлейменов көшесіндегі №58 бала бақшаның ауласына тұрғындар әлі күнге дейін гүл шоқтарын әкеліп қойып жатыр. Ал «Жұлдызша» деп аталатын топтың тәрбиленуші балалары кешеден бастап бала бақшаға келе бастады. Кәусар – осы топтың түлегі болатын. Аса ауыр жарақат алған бір бүлдіршін аурухананың жансақтау бөлімінен палатаға шығарылды. Айта кетейік, 20 мамыр күні дер сәтінде тоқтай алмаған «Тойота Лэнд Крузер» джипі №58 бала бақшаның ауласына кіріп кеткен. Рульде 46 жасар әйел отырған. Кейіннен жүргізушінің ішімдік ішпегені анықталды. Аулада алаңсыз ойнап отырған Кәусар есімді бір қыз автомобиль дөңгелегінің астында қалып, қайтыс болды.Әртүрлі жарақатпен 9 бүлдіршін ауруханаға жеткізілген. Талғат Сүйінбай. Дерек,сурет: egemen.kz. 22.05.2015-Kausar 2 22.05.2015-Kausar 3