Ә.Құсайыновтың айтуынша, бірқатар әлем елдерінде экономиканы қарқынды дамытуға бағытталған жұмыстар қоршаған табиғи ортаның мүмкіндіктерін ескермей, оған шамадан тыс күш салып жатыр. Табиғат қойнауын тиімсіз пайдалану, табиғи ортаның қалдықтармен ластануы, гендік және биологиялық әртүрліліктің азуы табиғи ортаның, адамзат мекендеген айналаның құлдырауына алып келуі мүмкін.
Адамның өндіріске негізделген тұрмысынан туындаған озон қабатының бұзылуы, әлемдік мұхиттардың ластануы, жер мен оның құнарлы қабатының жұтаңдануы, биологиялық әртүрліліктің азып-тозуы сынды құбылыстар бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналды. Атмосфераның шаң-тозаң және газды қалдықтармен ластануы үлкен алаңдаушылық тудырады. Олар минералды отын мен биомассаның өртенуіне, сондай-ақ, тау-кен, құрылыс пен басқа да жерде жүргізілетін жұмыстарға байланысты ауаға таралып жатыр.
«Адам орны толмайтын табиғи ресурстарды шексіз тұтына отырып, қалпына келтіруге болатын қорлардың қайта толысуына кедергі жасауда. Табиғи ресурстардың қайта қалпына келмейтінін естен шығармаған жөн», деп атап өтті Ә.Құсайынов.
Президенттікке кандидаттың айтуынша, адамзат жыл сайын өнеркәсіптік өндіріс көлемін өсіріп, соның салдарынан игерілмеген табиғаттың тынысы тарылып бара жатыр. Әдетте, өндіріс кезінде осы жерлерде тұратын халықтың мүддесімен қатар, онда өсетін бірегей өсімдіктер мен сирек кездесетін аңдардың қауіпсіздігі ескерілмей жатады. Бүгінде адам өз қолымен өзінің өмір сүретін кеңістігін шектеуде.
Оған қоса, Ә.Құсайынов экологиялық білімнің маңыздылығына тоқталды. «Жалпы білім беретін мектептерде міндетті пән енгізе отырып, экология мен оның қауіпсіздігі туралы түсінік қалыптастыру, сонымен қатар, тұрақты экологиялық-ағартушылық жұмыстар жүргізу экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы білім берудің маңызды қадамдары болып табылады», деп атап өтті Ә.Құсайынов.
Сонымен қатар, «Молсервис» ЖШС ұжымының алдында Ә.Құсайыновтың аймақтық сайлауалды штабының жетекшісі Ольга Клишина да сөз сөйледі. О.Клишинаның айтуынша, адам әлемдік экожүйенің бір бөлігі екенін естен шығармауы тиіс. Ғаламшардың жарқын болашағы әр адамның табиғи ресурстар мен жануарлар әлеміне деген саналы әрекетіне тәуелді. Әлемдік экожүйенің бір бөлшегі ретінде Қазақстан да қоршаған ортаның ластануынан туындаған проблемаларды сезініп отыр. Сондықтан өскелең ұрпақ арасында табиғатты аялауға үндейтін насихат жұмыстарын күшейту керек.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
Солтүстік Қазақстан облысы.

Ұлытау облысында жаңа цифрлық «Smart Point» ХҚКО ашылды
Аймақтар • Бүгін, 13:42
NVIDIA мен LG адам тәрізді роботтар жасайды
Технология • Бүгін, 13:35
Жапонияда цунами қаупіне байланысты 181 мыңнан астам адам эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 13:18
Алматыны шулатқан шетелдік жасөспірімдер Астанада жүр ме? Полиция жауап берді
Қоғам • Бүгін, 13:06
Арыста мас жүргізуші жүкті әйел мен екі баланы қағып өлтірді
Қоғам • Бүгін, 12:51
Әл-Фараби даңғылындағы апат: жәбірленуші тарап кінәліге кешірім берді
Оқиға • Бүгін, 12:44
Оралда әкесінің көлігін айдап кеткен жасөспірім жол апатына ұшырады
Қоғам • Бүгін, 12:27
Қызылорда облысында жоғалып кеткен 6 жасар қыздың мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 12:20
Түркістан облысының прокуроры тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 12:12
Германияда канцлерді әлеуметтік желіде қорлағандарға айыппұл салынды
Әлем • Бүгін, 12:02
Жоқ тауарды сатқан: Елімізде тағы бір қаржы пирамидасының қызметі тоқтады
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:55
Астанада көпшілік серуендейтін орынға көлікпен кіріп кеткен жүргізуші жазаланды
Елорда • Бүгін, 11:41
Қарағандыда қайта қылмыс жасаған әйелге рақымшылық жасалмады
Заң • Бүгін, 11:25
Ұландықтар LRT станцияларында қоғамдық тәртіпті күзетуге кірісті
Қоғам • Бүгін, 11:18
Футболшы Илья Буртовой жол апатынан қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 11:05