ТАРАЗ. 16 қазан. Қордай аудандық сотында ішкі істер департаменті жол-патрульдік полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қаралды. Бұл туралы Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Жамбыл облыстық ішкі істер департаменті әкімшілік полиция әскери бөлімінің полиция қызметкерлері Ж.Жарасов пен Н.Алпысбаев Қылмыстық кодекстің 362-бабының 4-бөлігі 1, 3 тармақтарымен (Лауазымдық өкiлеттiктерді асыр пайдалану) айыпталып сот алдына келді.
Осы жылдың ақпан айында айыпталушылар Алматы-Ташкент тас жолында автокөлік тоқтатып, жүргізушіні қарсы жолға шықты деп айыптаған. Өз кезегінде жүргізуші полиция қызметкерлерінің формасынан жетонды байқамай, олардан қызметтік куәлігін көрсетуін сұраған. Жүргізушінің жауабына, полиция қызметкерлері оның қолын қайырып, әкімшілік хаттаманы толтырудан бас тартқаны үшін 10 000 теңге ақша талап еткен. Жүргізуші өзінің ешқандай жол ережесін бұзбағанын айтып, сұраған соманы беруден бас тартқан. Өз көлігіне отырып жүргізуші полиция қызметкерлерінің кейінгі іс-әрекеттерін ұялы телефонның камерасына түсіре бастаған.
Ж.Жарасов өзінің қылмыстық ойын аяқтау мақсатында, жүргізуші куәлігін қалтасына тығып қойып, жүргізушіден оны талап ете бастаған. Артынан автокөлікті айыппұл тұрағына алып барамын деп қорқытқан. Айыпталушылар күш қолдану арқылы телефонды тартып алып, сотқа берілмеген тұлғаға берген. Ұялы телефондағы жазбаның өшкеніне көздері жетіп, қызметкерлер жүргізушіге куәлігі мен телефонын полиция органдарына шағымданбау шартымен қайтарып берген.
Сот үкімімен Ж.Жарасов Қылмыстық кодекстің 362-бабының 4-бөлігінің 1, 3 тармақтарымен кінәлі деп танылып, жеті жыл алты айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазаны түзеу колониясының жалпы режимінде өтеу белгіленді. Сонымен қатар, «полиция старшинасы» шенінен айырылды.
Н.Алпысбаев Қылмыстық кодекстің 362-бабының 4-бөлігінің 1, 3 тармақтарымен кінәлі деп танылып, жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазаны түзеу колониясының жалпы режимінде өтеу белгіленді. Ол да «полиция старшинасы» шенінен айырылды.
Сонымен қатар, сотталғандар құқық қорғау органдарында және жергілікті басқару органдарында мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылды. Жеке мүліктерін тәркілеу белгіленді. Жәбірленушінің Ж.Жарасов пен Н.Алпысбаевтан материалдық залал және моральдық зиян өндіру туралы талап арызы ішінара қанағаттандырылды. Материалдық залалдың сомасы 102 650 теңгені құрады. Моральдық зиянның сомасы – 100 000 теңге.
Үкімді жариялау Қордай аудандық ішкі істер бөлімінің акт залында барлық жеке құрамның қатысуымен өтті.
Оралхан Дәуіт.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: azh.kz.
• 16 Қазан, 2015
Жамбыл облысында жол полициясы қызметкерлері жазаға тартылды

Астанада «Болашақ ойындары 2026» турниріне волонтёрларды іріктеу басталды
Елорда • Бүгін, 20:55
Алматы – Шаңхай бағытында жаңа тікелей әуе рейсі ашылды
Қоғам • Бүгін, 19:48
Қазақстан IT-қызметтердің экспортынан 1 млрд доллардан астам табыс тапты
Технология • Бүгін, 18:33
Бейбіт Әбдікен: Бұл марапат ғылымның мемлекет үшін маңызын көрсетеді
Ғылым • Бүгін, 18:00
«Қазақтың Моника Беллуччиі» атанған полицей зейнетке шықты
Қоғам • Бүгін, 17:55
Қалдықтан қазына сүзген: Отандық металлургияның жаңа белесі
Ғылым • Бүгін, 17:50
Next Generation Youth Forum 2026: Астанада жас логистер форумы өтті
Форум • Бүгін, 17:48
Теңге нығайып, доллар әлсіреді: Нарыққа әсері қандай?
Қаржы • Бүгін, 17:40
Ербол Тұяқбаев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:40
«Таза өлке – Ақкөл»: Экологиялық акция аясында қала аумағы тазартылды
Аймақтар • Бүгін, 17:38
Жас ғалым Асия Ермухамбетова «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады
Ғылым • Бүгін, 17:35
Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 17:25
Қазақстан IT-экспортында жаңа рекорд орнатты: 1,1 млрд доллар межесі еңсерілді
Технология • Бүгін, 17:08
Астанада бірқатар көшеде қозғалыс шектеледі: Полиция жүргізушілерге үндеу жасады
Елорда • Бүгін, 16:55
Азық-түлік сапасы: Химиялық тыңайтқыштар денсаулыққа қалай әсер етеді?
Шаруашылық • Бүгін, 16:52