АЛМАТЫ. 22 мамыр. Латвия астанасы Рига қаласында бұрынғы Кеңес одағының 6 республикасы бас қосқан Еуропалық одақ саммиті өтіп жатыр. Жиынның бағдарламасы «Шығыс әріптестігі» деп аталады. Түпкі мақсат – бұрынғы КСРО мемлекеттерін жалпыеуропалық саяси, экономикалық кеңістікке тарту. Бұл туралы Ассошиэйтед пресс хабарлады.
2009 жыл құрылған «Шығыс әріптестігі» бағдарламасына Украина, Молдавия, Әзербайжан, Армения, Грузия және Беларуссия республикалары қатысады. Еуропалық Кеңестің жетекшісі Дональд Туск саммитті ашу барысындағы сөзінде Мәскеудің бейбіт көршілеріне «басқыншылықпен күш көрсету тактикасын» қолданып келетінін басып айтты. Туск өз сөзін: «Ресей ойлағандай – біз, Мәскеуді посткеңестік кеңістікке итермелеуден аулақпыз, Шығыс әріптестігі ешкімге қарсы құрылмаған, керісінше, қатысушы мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты нағайтуға бағытталған»,– деп түйіндеді.
Ригаға аттанар алдында бундестагта сөйлеген сөзінде Германия канцлері Ангела Меркель – бұл ұйымның және оның қызметіне түсіністікпен оң қабақ танытып келетін Еуропалық одақтың экспанционистік пиғылдан ада екенін де атап өтті. «Кіммен тығыз байланыс жасап, кіммен қатынас орнату әрбір әріптес мемлекеттердің тәуелсіз еркі болып саналады. Оған бөгет жасауға ешкімнің құқы жоқ»,– деді канцлер.
Талғат Сүйінбай.
Дерек, сурет:АР.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Кеше
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Кеше
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Кеше
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Кеше
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Кеше