ТАРАЗ. 16 қазан. Тараз қаласының № 2-ші соты жазда әйел адамды қағып кеткен 19 жастағы қала тұрғыны Көркем Рахметқұлға қатысты қылмыстық істі қарады. Бұл туралы Тараз қаласы № 2-ші сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Биылғы жылдың маусым айында К. Рахметқұл, құрбыларымен бірге велосипедті жалға алып, «Достық» алаңында айдап жүрген. 20 минут айдағаннан кейін, Орталық стадионға қарай велосипедтерімен бармақшы болып өз-ара келіскен. Жолда К.Рахметқұл құрбыларынан озып кетіп, жаяу жүргіншілерге арналған жолаққа шығып, балалы әйелді қағып кеткен, алған жарақатынан әйел адам есіне келмей қалалық ауруханада қайтыс болды.
Сот үкімімен К. Рахметқұл Қылмыстық кодекстің 104-бабының 1-бөлігімен (абайсызда қазаға ұшырату) кінәлі деп танылып, оған 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған және нақ сол мерзімге пробациялық бақылау белгіленген.
Оралхан Дәуіт.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: proza.ru.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Кеше
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Кеше
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Кеше
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Кеше
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Кеше