ТАРАЗ. 16 қазан. Тараз қаласында «Оқыту бағдарламалары мен мазмұны, оқыту технологиясын жетілдіру» республикалық семинар-тренингі өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Іс-шараға Мәдениет және спорт министрлігі тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті мұрындық болды. Бұл семинар-тренингтің мақсаты – мемлекеттік тілді ересек адамдарға үйрететін оқытушылардың кәсіби біліктілігін жетілдіру, онлайн әдісімен озық тәжірибелерді алмасу және мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының оқытушыларын ынталандыру болып табылады.
Семинар-тренингке әдіскер ғалымдар, тіл мамандары, тіл үйренушілер, Астана, Алматы қалалары және облыс орталықтарындағы мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының басшылары мен оқытушы әдіскерлері қатысты.
Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Ербол Тілешов мемлекеттік тілді оқытудың тиімді технологиялары мен әдіс-тәсілдері туралы баяндама жасап, әдіскерлер өз ойларын ортаға салды. Сондай-ақ, Жамбыл облысы тілдерді дамыту басқармасы мемлекеттік тілді оқыту орталығының үздік оқытушылары панорамалық сабақтар мен онлайн режимінде шеберлік сабақтарын көрсетті.
Оралхан Дәуіт.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: nalogikz.kz.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Кеше
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Кеше
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Кеше
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Кеше
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Кеше