АСТАНА. 3 сәуір. Жоғары хоккей лигасында «Братина» кубогына таласқан Қарағандының «Сарыарқасы» жартылай финалдан аса алмады. «Тороспен» болған төртінші ойында біздің команда 0:2 есебімен жеңілді. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Нефтекамскіде өткен ойынның алғашқы кезеңінде жанкүйерлер гол көре алмады. Ал екінші кезеңде айдын иелері есеп ашып, басымдыққа ие болды. Командасын алға шығарған хоккейші – Алексей Митрофанов (33-минут).
Шешуші кезеңде «Сарыарқа» хоккейшілері намысқа тырысып, қарқынын күшейтті. Дегенмен, «Братина» кубогының қазіргі иегерлеріне сәттілік жетіспеді. Қажет нәтижеге қол жеткізген «Торос» ойынның үшінші бөлігінде көбінде қорғанысқа көңіл бөлді. Десек те, реті келгенде қарымта шабуылды да ұмытқан жоқ. Кездесудің соңғы минутында қарағандылықтар сапынан бір ойыншы кіші айыппен жазаланды. Бұл мүмкіндікті мүлт жібермеген «Торос» ойыншылары 60-минутта есепті еселеп, финалға берілер жолдамаға ие болды.
Осылайша қос команда арасындағы жартылай финалдық бәсекенің жалпы есебі ресейліктердің пайдасына 4:0 болды.
«Торос» финалда Тверьдің ТХК-сі мен Ижевскінің «Ижстальі» арасындағы жеңімпазбен күш сынасады. Бұл жұпта әзірге үш ойын өтті. Алда «Ижсталь» командасы келеді (2:1).
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: hc-saryarka.com.

Ұлытау облысында жаңа цифрлық «Smart Point» ХҚКО ашылды
Аймақтар • Бүгін, 13:42
NVIDIA мен LG адам тәрізді роботтар жасайды
Технология • Бүгін, 13:35
Жапонияда цунами қаупіне байланысты 181 мыңнан астам адам эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 13:18
Алматыны шулатқан шетелдік жасөспірімдер Астанада жүр ме? Полиция жауап берді
Қоғам • Бүгін, 13:06
Арыста мас жүргізуші жүкті әйел мен екі баланы қағып өлтірді
Қоғам • Бүгін, 12:51
Әл-Фараби даңғылындағы апат: жәбірленуші тарап кінәліге кешірім берді
Оқиға • Бүгін, 12:44
Оралда әкесінің көлігін айдап кеткен жасөспірім жол апатына ұшырады
Қоғам • Бүгін, 12:27
Қызылорда облысында жоғалып кеткен 6 жасар қыздың мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 12:20
Түркістан облысының прокуроры тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 12:12
Германияда канцлерді әлеуметтік желіде қорлағандарға айыппұл салынды
Әлем • Бүгін, 12:02
Жоқ тауарды сатқан: Елімізде тағы бір қаржы пирамидасының қызметі тоқтады
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:55
Астанада көпшілік серуендейтін орынға көлікпен кіріп кеткен жүргізуші жазаланды
Елорда • Бүгін, 11:41
Қарағандыда қайта қылмыс жасаған әйелге рақымшылық жасалмады
Заң • Бүгін, 11:25
Ұландықтар LRT станцияларында қоғамдық тәртіпті күзетуге кірісті
Қоғам • Бүгін, 11:18
Футболшы Илья Буртовой жол апатынан қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 11:05