16 Қазан, 2015

Жамбыл облысында жаңа зауыт іске қосылды

302 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
16 10 - zavod 1 ТАРАЗ. 16 қазан. Жамбыл облысында дәнекерлеуде пайдаланылатын жамылғысы бар қоспа сым шығаратын зауыт іске қосылды. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Дәнекерлеу жұмыстарында кең көлемде қолданылатын жамылғысы бар қоспа сым шығаратын бұл зауыт әзірге оңтүстік өңірдегі жалғыз кәсіпорын. Құрылысы биылғы жылдың ақпан айында басталған болатын. Жобаның қуаттылығы жылына – 1200 тонна. Құны 70 млн теңгені құрайды. Іске қосылған зауытта қоспа сымның 2 түрі шығарылады. Олар түрлі темірден жасалған бұйымдарды дәнекерлеуге пайдаланылады. Өнім өндіруге қажетті шикізатты кәсіпкер Қытай, Ресей, Украинадан тасымалдауда. Автоматты түрде жұмыс істейтін құрылғылар Қытай елінен әкелінген. Қазір зауытта 20 жаңа жұмыс орны ашылды. Еңбеккерлердің орташа жалақысы 70-80 мың теңге болады деп күтілуде. Оралхан Дәуіт. Дерек, сурет: egemen.kz. 16 10 - zavod 2