04 Шілде, 2015

Дипломаттармен дидарласты

225 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
20110317204603Кеше Үкімет үйінде Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Еуропалық одаққа қатысушы елдердің дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларымен кездесу өткізді, деп хабарлады Үкімет басшысының баспасөз қызметі. Кездесу барысында Еура­зия­лық экономикалық одақ (ЕАЭО) қалыптасуындағы әл­де­­қайда маңызды оқиғалар мәсе­­лелері және Қазақстан Рес­пуб­­ликасының жаңа шарт­тар­дағы даму перспективалары талқыланды. Одақ жұмыс істеп келе жат­қан сәттен бастап басты оқиғалардың бірі Арме­ния Рес­публикасының ЕАЭО-ға мүшелігі, Қырғыз Респуб­ли­ка­сы­ның ЕАЭО туралы шартқа қо­сылу үдерісі, Вьетнаммен ер­кін сауда аймағын құру болды. Бақытжан Сағынтаев Қырғыз Республикасының ЕАЭО-ға қосылуы өзара сауда қатынастарын дамыту және Орталық Азия өңіріндегі кооперацияны дамыту үшін маңызды қадам болып табылатынын баса айтты. Оған қоса, ЕАЭО елдері мен Вьетнам арасында еркін сауда аймағын құру туралы келісімге қол қою отандық өндірушілерге жаңа перспективалар ашады, олар Вьетнам нарығында өз орындарына ие бола алады. Жалпы, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары ЕАЭО аясындағы келісімдер тұғырнамасындағы Қазақстанның энергетика, көлік, фармацевтика салаларының даму, Еуропа мен Азия арасындағы «байланыстырушы көпір» ретіндегі республиканың мүмкіндіктерін жүзеге асыру перспективаларын атап өтті. Еуропалық одақ елдерінің дип­ломатиялық миссия өкілдері қазіргі уақытта Қазақстанда «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында өткізіліп жатқан реформалар, Астанадағы ЭКСПO-2017 көрмесінің инфрақұрылымы базасында Халықаралық қаржы орталығын құру перспективалары туралы ақпараттандырылды.